Сообщение для Әл-Хорезми ** казахском языке пожалуйста спасибо за рание

0 голосов
32 просмотров

Сообщение для Әл-Хорезми На казахском языке пожалуйста спасибо за рание


Қазақ тiлi (109 баллов) | 32 просмотров
Дан 1 ответ
0 голосов

Әл-Хорезми шамамен 783 – 850-жылдар аралығында өмір сүрген. Түркі халықтарының өткендегі өмірін ескерсең, ойыңа талай тамаша жайлар келеді. Көшпенді халық атына мініп сонау Алтай тауларынан бастап Жерорта теңізіне дейін талай жерді жаулап алған екен. Демек, жауынгер, батыр халық болғаны. Сонау баяғы заманда, көп елдердің жазуы болмағанда, біздің ата бабамыздың жазуы бар болған екен. Сол жазумен тарихын тасқа қашап жазған екен. Ал оңтүстіктегі Орта Азияға келгенде көшпенді халықтың бір бөлігі отырықшылықпен айналысып, қала салып, саудамен, өнермен, ғылыммен айналыса бастаған екен. Оған куә ең үлкен кітапханасы бар Отырар, сауда орталығы Бұхара, тағы басқа Хорезм, Самарханд сияқты қалалар. Бірақ халқымыз шапқыншылықты да аз көрмепті. Солардың бірі Арабтар шапқыншылығы. Олар Орта Азияны жаулап алып бізге Ислам дінін енгізген. Дарынды халқымыз бұдан да талай пайда тапқан. Араб мәдениетін, ғылымын үйрене отырып, олар арқылы Греция, Индия мәдениеті мен ғылымына жол тапқан. Ислам дінін қабылдағандықтан, еңбектерін Араб тілінде жазып, Араб қалаларында болып, Араб ғылымының дамуына үлкен үлес қосқан. Оған куә Бағдат қаласындағы абсервоториялар мен «Даналық үйіндегі» ғылыми жұмыстардың басты ұйытқысы Орта Азия мен Қазақстаннан шыққан түрік халқы ұрпақтары екенін үлкен мақтанышпен айта аламыз. Олар: арабтар алгебраның атасы деп атаған Мұхаммед әл-Хорезми (Хорезмнен шыққан), Ахмед Ферғани (Ферғанадан шыққан), Ғаббас Жауһари (Отырардан шыққан), Ахмед Мервази (Мервтен шыққан). Ал олардан кейінірек шыққан дүниенің екінші оқытушысы атанған жерлесіміз Әбу Насыр әл-Фарабиды атай аламыз. Халқымыздың ғалымдары арабтар арқылы Греция, Индия, бүкіл дүние ғылымына қол жеткізіп, талай шыңдарға шықса, енді президентіміз Назарбаевтің «Назарбаев университетін» ашып, шет елдердің ғалымдарын шақырып, біздің халқымызға қазіргі дүние ғылымымен танысуға тағы да бір жол ашып отыр. Талантты халқымыз бұдан талай тамаша нәтижелер шығарады деп ойлаймын. Алғы сөзден кейін айтарым, жоғарыда айтқаныма дәлел болатындай нақты бір тұлғаның еңбектерін айта кеткім келеді. Ол Мұхаммед әл-Хорезми. Туған қаласы Хорезмде алғашқы білімін алғаннан кейін, білімін Араб елінде жалғастырған. Қысқаша оның негізгі еңбектері мынандай: 1. Хорезми әуелі Бағдатта «Даналық үйінде» астрономиямен айналысады. Ол атақты астрономиялық таблицалар жасайды. Олар Хорезми қайтыс болғаннан кейін де бірнеше ғасырлар бойы ғалымдардың қолдан түспейтін құралы болады. Хорезмидің бұл таблицаларының алғашқы нұсқасы жоғалып кеткен. Қазіргі кезде оның тек 1126 жылы аударылған латынша нұсқалары бар. 2. Хорезми математика ғылымының дамуына да көп үлес қосқан адам. Оның «Әл-китаб әл мұхтасар фи хисаб әл-джабр вал-мұқабала» («Қалпына келтіру, салыстыру тәсілімен есептеудің қысқаша кітабы») ХІІ ғасырда латын тіліне аударылып, көп ғасырлар бойы Батыс және Шығыс елдерінде алгебра жөніндегі негізгі құрал болған. Алгебраның аты осы кітаптағы әл-джабр деген сөзден шыққан. Батыс, Шығыс оқымыстылары бір ауыздан Хорезмиді «Алгебраның атасы» деп атаған. 3. Хорезмидің үшінші бір үлкен еңбегі арифметика туралы кітабы. Өкінішке орай, бұл кітаптыңда түп нұсқасы жоқ, тек латыншаға аударылған қолжазбасы бар. Хорезми бұл еңбегі арқылы санаудың ескі гректік, арабтық алфавиттік жүйесінің орнына Кемелденген ондық жүйені енгізеді. Индияда шыққан он цифрларды (0, 1, 2, …, 9) (Европада оны Хорезмидің арқасында араб цифрлары дейді) пайдалана отырып Хорезми кез келген санды қалай жазуға болатындығын көрсетеді. Міне осы ыңғайлы,оңай ондық жүйе адам баласына осы күнге дейін қызмет етіп келеді. 4. Хорезмидің төртінші үлкен еңбегі география саласында. Ол жердің меридианының ұзындығын есептеуге қатысқан. Өзінен бұрын болған ғалымдардың еңбектерін зерттеп, кей жерлерін толықтырып отырған. Ғалымдар өте жоғары баға берген географиядан «Китаб сурат әл-арз» (Жер кескіні туралы кітап) деген кітап жазған, жердің жаңа картасын жасап, жаңа атаулар берген. Тағы да басқа салалармен айналысқан. Арабтың Рашид, Мамун патшаларының кеңесшісі болған. Міне, біздің ұлы бабамыз осындай адам болған.

(62 баллов)
0

спасибо но поздно 2 уже поставили