ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ӨЗДЕРІҢ БІЛЕТІН ЖЕР-СУ АТАУЛАРЫНА ҚАТЫСТЫ МƏЛІМЕТТЕР ЖИНАҢДАР ПЖ ПОМОГИТЕ...

0 голосов
169 просмотров

ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ӨЗДЕРІҢ БІЛЕТІН ЖЕР-СУ АТАУЛАРЫНА ҚАТЫСТЫ МƏЛІМЕТТЕР ЖИНАҢДАР ПЖ ПОМОГИТЕ PLEASE


Қазақ тiлi (18 баллов) | 169 просмотров
Дан 1 ответ
0 голосов

Жетісу — тарихи-географиялық аймақ. Солтүстікте Балқаш, солтүстік-шығысында Сасықкөл мен Алакөл, шығыста Жетісу (Жоңғар) Алатауы, оңтүстік және оңтүстік-батысында Солтүстік Тянь-Шаньжоталарымен шектеседі. Тарихи деректер мен зерттеулерде Жетісу атын құрайтын 7 өзен туралы түрліше пікір бар. А.К. Гейнсбұлардың қатарына Лепсі, Басқан, Сарқан, Ақсу, Бүйен, Қаратал және Көксу өзендерін жатқызса, А.Влангали Басқан, Сарқан өзендерінің орнына солтүстік-шығыстағы Аягөз, оңтүстік-шығыстағы Іле өзендерін атайды. В.В. Бартольдтың айтуынша, алғашқыда жергілікті халық Жетісу деп Іледен солтүстікке қарай созылған аймақты атаған, оған Лепсі, Басқан, Ақсу, Бүйен, Қызылағаш, Қаратал, Көксу өзендері енген. Ал Жетісу Іленің оңтүстігіне қарай созылған таулы аймақ деген ұғым 19 ғ-да тарап, сондай-ақ, оған Тянь-Шаньнің солтүстік-батыс және орталық аудандары да қосылатын болған. Тарихи әдебиетте Жетісу ұғымына Шуалабы мен Нарын өзенінің жоғарғы ағысын қамтитын атырап та кірген.

(44 баллов)