Сұраншы батыр қысқаша мазмұны

0 голосов
114 просмотров

Сұраншы батыр қысқаша мазмұны


Қазақ тiлi (20 баллов) | 114 просмотров
Дан 1 ответ
0 голосов

Сұраншы (1815 – 1864) Ұлы жүз Шапырашты ішінде Еміл-Есқожа руынан шыққан батыр. Арғы атасы – Қарасай батыр. 1848 – 60 жылдары Қоқан билеушілерінің Жетісуға басып кіруіне қарсы күресті. 1864 – 65 жылдары Ресей әскері сапында Ұзынағаштан Сайрамға дейінгі қазақ ауылдарын азат етуге қаты "Сұраншы батыр" тарихи жыр. Қоқан хандығынын Жетісу қазақтарына жасаған зорлығына қарсы бас көтерген Сұраншы батырдың ерліктеріне арналған жырлар мен аңыз-әңгімелер топтамасы. Батырдың жорықтарына қатысқан атақты ақын Сүйінбай Аронұлы шығарған алғашқы "Сұраншы батыр" жыры Қырғызстанда тұрған Рысбек деген қарияның айтуынан жазылып алынды. Жыр нұсқасы толық болмағанына қарамастан Сұраншының Сайрам түбіндегі соғысы "Сайрам деген қаланың, жасы менен кәрісін жау қолынан босатқан" деген жыр жолдары арқылы нақышталып, батыр ерлігі тарихи оқиға ізімен баяндалады да, "Қарасайлап" ұран сап, жауға қарсы шауып, ерлікпен қаза табуымен аяқталады. Жамбылдың айтуынан естіген Тәпеке Жарықбасов айтқан "Сұраншы батырдың бала шағы" атты әңгімесінде батыр шыққан Шапырашты руының Сұраншыға дейінгі іпежіресі таратылып, Саурық батыр өлгеннен кейін, қырғыздың Орман манабы елді талап, күйзеліске ұшыратуы, оған қарсы Сұраншы батыр бастаған жігіттер аттанып, халық кегін қайтаруы сөз болады. "Сұраншы батыр туралы" деп аталатын Ыбырайым Бейсенбетұлы мен Рысбай Рүстембекұлы деген кісілердің Жамбылдың айтуынан естіген қара сөз түріндегі аңыз-әңгіме Сұраншы батырдың коқандықтарға қарсы азаттық жолындағы күресінен сыр шертеді. Осы жырлар мен аңыздардың барлығы жыр алыбы Жамбылдың атақты "Сұраншы батыр" поэмасына негіз болғаны бел Жамбылдың хатшысы болған кейде ақын Қалмақан Әбдіқадыр бұл поэманы жыр алыбының өз туынан жазып алған. Осы нұсқа 1938 ж. бастап Жамбылдың барлық жинақтарында басылып келеді. "Сұраншы жырлары мен аңыз-әңгімелер және Жамбыл поэмасының жазба нұсқалары Орталық ғылыми кітапхана қорында және Әдебиет және өнер институтының қолжазба және мәтіні бөлімінде сақтаулы

(72 баллов)