Әлем картасынан Фогг мырзаның жүрген жолын свзып көрсет. Олар неше мемлекетте болды? Әр...

0 голосов
180 просмотров

Әлем картасынан Фогг мырзаның жүрген жолын свзып көрсет. Олар неше мемлекетте болды? Әр қаладаға шытырман оқиғалап жөнінде қысқаша айт.помогите сделать пж срочно даю 40 баллов.заранее спасибо.


Қазақ тiлi (26 баллов) | 180 просмотров
0

помогите плииззз дам 40 балов не 2 а 40 пжж

Дан 1 ответ
0 голосов

1. Бұл кездесу былай болды. Мистер Фикс Англиядағы банкті тонаған ұрыны іздестіріп жүрген. Ал бұл қарақшының сыртқы келбеті Фогг мырзаға қатты ұқсайтын. Филеас Фогг пен Паспарту Моңғолияға аттанған кезде, Фикс мырза олар мінген кемедегі әр жолаушыны жеке-жеке тексеріп шығады. Мистер Фикс Филеас Фоггті көрген сәтте, өзі іздеп жүрген баукеспе ұрыны тапқанына күмәнданбайды. Фикс оңтайлы сәт туғанда Паспартумен сөйлесіп: «Фогг мырзаның өткен өмірі туралы не білесің?» деп сұрайды. Өкінішке қарай, Паспарту жақында ғана жұмысқа тұрғандықтан, қожайыны жайлы ештеңе білмейтін болып шығады. Содан соң Фикс Британия елшілігіне жеделхат жіберіп, Фоггты тұтқын дауға рұқсат сұрайды. Біраз күннен соң Фогг пен Паспарту Бомбейге келеді. Фикс те олардың соңдарынан қалмай, аңдып отырады.

2.

Бомбейде Паспарту пілді алғаш рет көріп, «Пайдалы хайуан екен» деп ойлайды. Осы ойын Фоггке айтады. Қожасы оған келісіп, бір піл сатып алады. Олар пілге мініп, Аллахабадқа сапар шегеді. Жолда олар үндістердің жас әйелді құрбандыққа шалғалы жатқанын көреді. Сол заманда үндістерде күйеуі өлген әйелді құрбандыққа шалу дәстүрі бар болатын. Сөйтіп, Мистер Фогг пен Паспарту Ауда есімді бикешті өлімнен құтқарып қалады. Оны өздерімен бірге ала кетеді. Мистер Фогг Аудаға «Гонконгке барайық» деген ұсыныс жасайды. Әйел қарсы болмайды. Фогг пен Паспарту Ауданы ертіп, пойызға жетуге асығады.

3 вставка в фото


image
image
(174 баллов)