Зарина (Сара) -сақ елінің басқарушысының қызы. Әскери басшы Мөрмөрдың әйелі болған. Роксанаки қаласының ең беделді қаншайымдары болған. Бұл қала-шық Сырдарияның жағасында орналасып, Сығанаққа қаласына жақын болған. За-ринаның өз әскері, жасағы болған. Жасақ негізінен «арулар жасағы» құрылған. Сақ заңы бойнша әрбір 13 жасқа толған қызды әскери тәлімгерлікке үйреткен, қыз ба-лаға садақ атуды, найза лақтыруды, қылыштасуға машықтандырған.
Сақ заңы бойынша егер қыз жауынгер өзін соғыста көрсете алмаса, онда ол қыз ешқашан тұрмысқа шыға алмайды деген қатаң тәртіп бар.
Көшпелі халықтың басынан неше түрлі жаугершілік соғыс өткен, сондықтан басты мақсат әрбір әйел адам, жаугершілік кезінде өзін-өзі қорғай білу керек, сондықтан ол әскери жан-жақты дайын болу керек деген саясатпен бәрін де үйреткен.
Соғыс кезінде әйелдер өз отбасын, жауынгер ер адамдарды аң аулап, азықпен қамтамасыз етіп отырған.
Сақ елінің басты жауы- парсылар болған. Соғысқан елдердің халықтары әбден соғыстан жалыққан болатын, бірақ соғыс тоқтаған жоқ.
Заринаның жасағы соғыс болмаған уақытта үнемі аң аулауды әдетке айналды-рады. Жақын маңда ешқандай жырқыш аң болмағандықтан қыздар үнемі аңға шығып, алысқа ұзап жүрді. Қыздар өздері тұратын мекеннен ұзап кетіп аң аулаған-ды жақсы көріп жүрді. Үстірт жерінде құландарды аулап бүкіл ауылды етпен қам-тып отырды. Осындай бір аң аулауда Зарина өзінің жауынгер қыздарынан бөлек ұзаққа кеткенін аңғармай қалады. Құланды қуғаны соншалық қыздардың қай тұста қалғаны Заринаға белгісіз болды. Осы жерде жаудың әскеріне тап болып, Зарина-ны жау әскері артынан қуып ұстамақ болады. Бірақ Заринаның аты да өзі де беріспей ұзаққа шабады, сақ батырынша киінген Заринаның артынан Мидияның жауынгері мен патша ханзадасы да артынан қуа жөнеледі. Зарина аяғынан жа-раланады. Мидиа елінің ханының ұлы, өз жауынгерлеріне ұстаған батырының ба-сын шабуды бұйырады. Заринаның басындағы бас киімі жерге ұшып түскенде, оның шашы ұзын, өте сұлу қыз екенін көреді. Осынша әйел затының ерлігіне таң қалған Мидия ханзадасы, өз райынан қайтуына мәжбүр болады. Бұл Медияның патшасының баласы жас ханзада Стриангей болатын. Ол да өз әскерімен аң аулауға осы тұсқа жауынгерлерімен бірге шыққан болатын. Осы жерде аң аулап жүрген Заринаға күтпеген жерден кездесуі. Мидия ханзадасы сақ елінің ең әдемі де, көркем сұлуына ғашық болады. Зарина да Мидия ханзадасына ғашық болып, өмірде өзінің іздеген ұзын бойлы кең иықты жігітке, бір көргеннен ғашық сезімі пайда болады. Олар екеуі тек осындай аң аулауда кездесеміз деп өздеріне уәде береді. Екі ғашық арасындағы кездесу екі ел, сақ елі мен Мидия елінің ауыз біршілікке келуін, бейбіт өмір сүруіне себепші болады. Зарина мен Стриангей бір-біріне ант беріп екі елді бейбіт ұстауға уәде береді.
Зарина сақ патшасының қызы болғандықтан мемлекеттік билікке араласуға толық қақысы бар болатын. Ал күйеуі Мөрмөр тек әскербасы болғандықтан оның әмірі тек қол астындағы әскеріне қана жететін. Ол тек тұтқынға түскен олжа мен тұтқын-дардың тағдырына төрелік айта алатын. Елдің тыныштығы оған ұнамады. Сон-дықтан сақ даласының сыртында Заринамен тілдесуге келген Стриангейді қапы-лыста қолға түсіреді. Соғысуға дайын тұрса да, Стриангей Заринаға берген уәдесінде тұрып, екі елді қырғынға ұшыратпау үшін өз әскерін кері қайтаруға бұй-рық береді. Мөрмөр жеңіс дабылын қағып, Роксанаки қаласына басын бұрады.
Тұтқынға түскен Стриангейді көріп, Зарина қатты уайымдайды. Зарина жігіттің ерлігіне риза болады. Мөрмөрге барып Мидианың адал, ержүрек ханзадасының өмірін мен үшін қи деп өтінеді. Сен онымен соғысып майданда жеңген жоқсың, райыңнан қайт, еліміздің басына қасірет әкелме деп Зарина өтініш айтады.
Бірақ Мөрмөр бұл келісімге қарсы болады. Зарина ханның бұйрығы бойынша сен қан сасыған олжаны ойласаң, мен елдің береке бірлігін, ана мен баланың көз жа-сына қаламыз, деп айтады. Бірақ Мөрмөр келіспей қанжарын суырып алып, Стри-ангейге ұмтылады, Зарина өзін қорғайтын жасақтарына Мөрмөрді ұстауды бұйырады, осы жерде Мөрмөр қаза болады. Зарина: «-Бүкіл бір елді қансыратып, мағанасыз соғыста құрбан болғаннан гөрі, өзін ұстай алмайтын долы әскерба-сының қазасы әлдеқайда жеңіл. Ол менің күйеуім, бірақ елімнің амандығы мен үшін одан да қымбат! Мидианың ханзадасын босатыңдар!»дейді.
Стриангейді тұтқыннан босатып, қашан әл-қуатын жиғанша күтеді.
Ханзада еліне кетерде «адал махаббатымыздың белгісі болсын, екі патшалықты біріктіріп, бір ел болайық, қосылайық «дейді.
Зарина келер жылы жауабын аңға шыққанда беремін деп, ханзаданы еліне қайта-рады. Зарина келер жылы Мидианың шекарасына жақындағанда Стриангей көрінеді. Екі әскер де бір-біріне бетпе бет келіп тоқтайды. Зарина өзінің патшалық тәжін ки-генін көгенде, Стриангейдің жүрегі мұздап сала берді.