Ответ:
Пошаговое объяснение:
Әрі қызыл, әрі тәтті,
Татқан жанды таңырқатты.
Ответ: Алма
Аспай піскен,
Қайнамай түскен.
Ответ: Жеміс
Өзі қызыл , өзі қызық ,
Ортасында бір сызық .
Ответ: Шабдалы
Ұстарамен алынбас,
Ұйысып тұрған қалың шаш.
/Егін/.
Қар астында қыстағаны,
Жасыл бөрік тыстағаны.
/Күздің егіні/.
Жасынан тәрбиелеп бала бақтым,
Өсіріп ол баланы жұртқа жақтым.
Күніне екі-үш рет көрмей тұрсам,
Болмайды бұл дүниеде менің нақтым.
/Егін, ішкен тамақ/.
Алтын аяқты,
Алтын десем — азығы жоқ,
Ол жоқ болса — алуы жоқ.
Дүние толған адамның
Баршасы да теп-тегіс,
Біріне бірі қарауы жоқ.
/Астық пен аштық/.
Желі басында бес бие,
Бесеуі де жас бие.
Құлындары құла ала,
Құлақтары сары ала.
/Масақ/.