Помогите ответить на вопросы пожалуйста по песне.ДомбыраЕкі ішектің бірін қатты, бірін сәл-пәл кем бұра.Нағыз қазақ – қазақ емес,Нағыз қазақ – Домбыра!Білгің келсе біздің жайды, содан сұра тек қана:Одан асқан жоқ шежіре, одан асқан жоқ дана.Ақиқатты айтқандардың бәрі осылай сорласынДеп бір хаһан шанағына құйған оның қорғасын.Бір ішегінде биіктік бар, бір ішегінде тереңдік.Ол мылқауды сөйлетеді, жылатады кереңдіЖалған сөйлеп көрген емес соның өзінде:Аппақ жалын күйдің жанын жалап жатқан кезінде.Қадыр Мырза Әлі2-тапсырмаСұрақтарға жауап беріңіз, өлеңдегі негізгі ақпараттарды анықтаңыз.1. Өлеңді қалай атауға болады? Неге? Авторы кім?2. Домбыра туралы қандай ақпараттар айтылады?3. «Одан асқан жоқ шежіре, одан асқан жоқ дана». Домбыраның қандай қасиетітуралы?4. «Ол мылқауды сөйлетеді, жылатады кереңді» деген пікірмен келісесіз бе?5. «Нағыз қазақ – қазақ емес, нағыз қазақ – Домбыра!» деген жолдарды қалайтүсінесіз?