Менің бүгін ауылдан ата-әжем келеді.Сондықтан мен ол кісілерге арнап салат жасағым келді.Ол үшін мен дүкенге бардым.Дүкеннен керекті азық-түліктерді сатып алдым.Кейін үйге келіп , салат жасауға кірістім.Алдымен көкөністер мен жемістерді жуып алдым.Кейін көкөністерді аршып,оларды турадым.Жемістерді де турадым.Кейін жемістерді бір тәрелкеге,көкөністерді басқа тәрелкеге салдым.Сөйтіп жеміс салатына банан,алма,құлпынай,мандарин салдым.Оның үстіне йогурт қосып,араластырдым.Ал,көкөніс салатына сәбіз,картоп,қайнатылған жұмыртқа , шұжық және майонез қосып араластырдым.Ал,Кешке үйге ата-әжем келді.Мен оларға салатымды ұсындым.Менің екі салатымда дәмді болыпты.Атам мен әжем салатымды сүйсініп жеді.