Су туралы шағын эссе

0 голосов
58 просмотров

Су туралы шағын эссе


Қазақ тiлi (18 баллов) | 58 просмотров
Дан 1 ответ
0 голосов


Су топыраққа нәр, ауаға ылғал беріп, жаратылыс әлеміне жан бітіретін тіршіліктің өзегі, алғашқы тіршілік суда пайда болып, жер бетіне тараған. Тіршілік әлемі өзінің су дәуіріне қарай қажетті су мөлшерінен тұрақты нәр алып тұрмаса, тіршілік өзінің өсу дәуірін тоқтатып, өшу дәуіріне көшеді.

Суды басқа ешқандай затпен алмастыруға немесе жасанды су жасауға болмайды. Су бардаг жоқ, жоқтан бар болмайды. Дүние жүзіндегі судың көлемі өзгермейді, тұрақты тепе-теңдік сақталады. Дүние жүзіндегі су жер бетіндегі су, жер астындағы су, атмосферадағы су болып үшке бөлініп, өзінің түрін өзгертіп буға, бұлтқа, қар мен мұзға айналып, тұрақты табиғи айналымда жүреді.

Жер жүзінің табиғи су айналымы төртке бөлінеді. Мұхиттар үстіндегі су айналымы, құрлықтар үстіндегі су айналымы, мұхиттар мен құрлықтар аралық су айналымы болып келеді. 

Дүние жүзіндегі барлық судың көлемі 1, 386 миллион текше шақырымға тең. Оның ішінде топырақтың бестен бірі су, жер астында бір шақырымға дейінгі тереңдікте 4,0 миллион текше шақырым су болса, атмосферада жердің әр шаршы шақырымында 20 мың тоннадай келетін бу түрінде су бар. 

Адам өмірінде ауадай қажетті тұщы судың көлемі құрлықтар мен өлкелерде бірдей орналаспаған. Құбылмалы ауа райының әсерінен айналымда жүрген табиғи су көздерімен, өзенмен ағып келетін судың көлемі жылдар мен маусым мезгілдерінде өзгеріп тұрады. Егерде атмосфреадағы ауаның ылғалдылығын өзінің буымен толықтырып тұратын айдын суы мен топыраққа нәр беріп тұратын судың көлемі қоршаған ортаның қажеттілігінен күрт азайса, ол өлке құлазыған қу мекенге айналады, ол кезде қоршаған ортадағы өсімдік әлемі, жан-жануарлар дүниесі мен адамзат өзінің биологиялық өсу дәуіріне сәйкес қажетті мөлшерде тұрақты судан нәр ала алмай, тіршілік жаратылғалы бері сақталып келген тіршіліктің теп-теңдік заңдылығы бұзылып, өмір өсу дәуірінен өшу дәуіріне тап болады. 
(154 баллов)