Пожалуйста эссе ** тему Ұлт-ұстазы

0 голосов
143 просмотров

Пожалуйста эссе на тему Ұлт-ұстазы


Қазақ тiлi (19 баллов) | 143 просмотров
Дан 1 ответ
0 голосов
Правильный ответ

Ответ:

Ұлт ұстазы.

«Ұстаздық еткен жалықпас, үйретуден балаға...» деп ұлы Абай атамыз айтқандай, ұстаз болу – аса үлкен жауапкершілік пен мамандыққа деген сүйіспеншілікті талап ететін игі ас. Ұстаздық – ең қиын мамандықтардың бірі, себебі еліміздің ертеңі болып саналатын жас ұрпаққа өнегелі тәрбие мен сапалы білім беру мұғалімдердің басты міндеті саналады.

Ұстаз – біздің қолымызға қалап ұстатып, әріп танытып, білім нәрімен сусындататын екінші анамыз. Болашақ ел басқаратын тұлғаларды, ақ халатты абзал жандарды, ғалымды, кегшілерді, кез келген мамандық иесін ұстаздар тәрбиелейді. Шәкірттерінің бойына жақсы қасиеттерді дарытып, адамгершілік рухта бағыт - бағдар беруде ұстаздың еңбегі зор. Осындай үлкен жауапкершілікті мойнына алып, оқушыларды үлкен өмірге даярлайтын, оқушыларының әрбір жетістіктеріне бірге қуанып, алға жетелейтін де ұлағатты ұстаздар.

Ал «ұлт ұстазы» дегенде ойымызға әрине, Ахмет Байтұрсынұлы оралатыны сөзсіз. Себебі – қазақтың ұлттық ғылым тілінің, терминологиялық қорының дамып, қалыптасуының тұтастай бір кезеңі ғалым еңбектерімен, оның ғылыми-педагогикалық, ағартушылық және ғылыми-ұйымдастырушылық қызме¬тімен, қайраткерлігімен тікелей байланысты. Сондықтан да қазақ терми-нологиясының тарихы, оның даму, қалыптасу кезеңдері туралы сөз қозғағанда Ахмет Байтұрсынұлының ғылыми шығармашылығы мен қоғамдық қызметіне жан-жақты тоқталу, оны терең зерттеу өте маңызды.

А.Байтұрсынұлының ғылыми терминологияны қалыптастыруға қосқан үлесін ғалымның жекелеген немесе бір топ термин¬дердің ғана авторы емес, бірнеше ғылым саласының терминдер жүйесінің негізін қа¬лағанын аңғаруға болады.

Ең алдымен, А.Байтұрсынұлы – қазақ тіл білімінің терминологиясын жасаушы көрнекті ағартушы. Кез келген ғылымды оқып білу, меңгеру немесе оны өзгелерге үйрету сол ғылым саласында қолданатын арнаулы ұғым атауларынсыз мүмкін емес. Қазақ тіл білімінің негізін қалаушы ғалым ретінде А.Байтұрсынұлы осы ғылым саласындағы негізгі ұғымдарды және олардың өзара байланысын анықтап, яғни қазақ тілінің табиғатын көрсететін ұғымдар жүйесін түзумен қатар, сол ғылыми ұғымдардың атауларын да жасаған.

(22.8k баллов)