Сочинение ** казахском языке ** тему заповедники Казахстана

0 голосов
126 просмотров

Сочинение на казахском языке на тему заповедники Казахстана


Қазақ тiлi (32 баллов) | 126 просмотров
Дан 1 ответ
0 голосов
Правильный ответ

Ответ:

Қазақстан қорықтары.

Мемлекеттік табиғи қорық қоры - қоршаған ортаның табиғи эталондар, реликтілері, ғылыми зерттеулерге, ағарту білім беру ісіне, туризмге және рекреацияға арналған нысандары ретінде экологиялык, ғылыми және мәдени жағынан ерекше құнды, мемлекеттік қорғауға алынған аумақтарының жиынтығы. Қорықтардың басты мақсаты - табиғи ландшафтылар эталонын мұндағы тіршілік ететін өсімдіктер мен жануарлар дүниесімен коса сақтау, табиғат кешендерінің табиғи даму заңдылықтарын анықтау. Соңғысы адамның шаруашылық әрекетінен табиғатта болатын өзгерістерді болжау үшін аса қажет. Қазақстан қорықтар саны жөнінен ТМД-ға кіретін республикалар арасында 16-шы орын алады. Дегенмен, республика жерінің көлеміне шаққанда корықтар үлесі жөнінен 13-ші орында. Бұл Қазақстан секілді ұлан-байтақ республика үшін қорықтар көлемінің әлі де болса аз екендігін көрсетеді. Қазіргі кезде нақты 10 қорық жұмыс істейді. Қазақстандағы қорықтардың барлық ауданы 1 610 973 га. Бұлар, әрине, Қазақстан табиғатының алуан түрлі табиғат жағдайларын толық көрсету үшін жеткіліксіз. Сондықтан болашақта ғалымдардың, табиғатты қорғау коғамы өкілдерінің ұсынуымен тағы 15 қорық ұйымдастырылмақшы.

Қорықтардың табиғи ұлттық парктерден айырмашылығы;табиғи парктерде кіріп серуендеуге мүмкіндік бар.Ал қорықтарда оған тыйым салынған.

Қазақстанда 10 қорық бар. Ең алғаш ашылғаны - Ақсу-Жабағылы қорығы (1926ж.).

Барлық қорықтар:

1.Ақсу-Жабағылы - Оңтүстік Қазақстан облысында орналасқан. 2.Наурызым қорығы (1934ж.) Қостанай облысы.

3.Алматы қорығы (1964ж.) Алматы облысы.

4.Қорғалжын қорығы (1968ж.) Ақмола облысы.

5.Марқакөл қорығы (1976ж.) Шығыс Қазақстан облысы.

6.Үстірт қорығы (1984ж.) Маңғыстау облысы.

7.Батыс Алтай қорығы (1992ж.) Шығыс Қазақстан облысы.

8.Алакөл қорығы (1998ж.) Алматы облысы.

9.Барсакелмес қорығы (1939ж.) Қызылорда облысы.

10.Қаратау қорығы (2004ж.) .

Қорықтарды құрудың мақсаты - әр түрлі географиялық зоналардың жекелеген учаскелерін табиғи күйінде сақтау, жануарлар мен өсімдіктердің сирек кездесетінін және құрып бара жатқан түрлерін қорғау.

(22.8k баллов)