7-тапсырма. Берілген сөз тіркестерін пайдаланып, сөйлем құра. Хат алу, киім көру, әкесін...

0 голосов
396 просмотров

7-тапсырма. Берілген сөз тіркестерін пайдаланып, сөйлем құра. Хат алу, киім көру, әкесін сағыну, соғысқа бару, танымал болу, ұлттық команда, киім тігу, даңқы балуан.


Қазақ тiлi (17 баллов) | 396 просмотров
Дан 1 ответ
0 голосов
Правильный ответ

Ответ:

Берілген сөз тіркестерін қатыстырып, сөйлем құрастыру.

Бүгін алыстағы досымнан хат алып, қуанып отырмын.

Жексенбі күні анам екеуміз мектепке киетін киім көру үшін дүкен аралаймыз.

Томирис жұмыс бабымен көптен бері шетелде жүрген әкесін сағынды.

Саматтың атасы өз еркімен соғысқа барып, аман – есен оралған.

Бүгінгі күні адамдар танымал болу үшін әлеуметтік желілерді қолданады.

Қазақстанның самбодан ұлттық құрама командасы әлем біріншілігінде жеңіске жетіп, елге абыроймен оралды.

Болашақта өзіме киім тігу үшін арнайы курстарға жазылып, тігудің қыр – сырын үйреніп жүрмін.

Қажымұқан қазақ халқының даңқты балуандарының бірі болған.

(22.8k баллов)