Шағалалытеңіз — Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың, Тайынша аудандары жеріндегі көл. Қиялы ауылынан 11 км оңтүстік-шығыстағы қазаншұңқырда орналасқан. Теңіз деңгейінен абсолюттік биіктігі 135,6 м.Ауданы 267,36 км2, ұзындығы 42,9 км, ең енді жері 12,5 км, орташа тереңдігі 1,5 м, ең терең жері 3,1 м, су жиналатын алабы 10900 км