10 предложений ** тему Домбыра

0 голосов
27 просмотров

10 предложений на тему Домбыра


Қазақ тiлi (14 баллов) | 27 просмотров
Дан 1 ответ
0 голосов

Ответ:

1)Домбыра — қазақ халқының ең кең тараған екі ішекті, көп пернелі музыкалық аспабы.

2)Ол – қазақтар өмірінде маңызды орын алады.

3)Қазіргі кезде домбыра жеке әнді сүйемелдеуге, күй тартуға, халықтық-фольклорлық музыкада, классикалық шығармаларды орындауға қолданылатын, мүмкіндігі кең музыкалық аспап болып табылады.

4)Домбыра ежелде қазақтың тарихын баяндаған музыкалық аспаптардың бірі.

5)Қазақ даласының әр өңірінде кездесетін домбыралар жергілікті жер жағдайына, тұрмыс-салты мен дәстүріне, ән, жыр, күй мектебі мен әр өнерпаздың орындаушылық мәнеріне, аспапшы шеберлердің ісмерлігіне байланысты әртүрлі пішімде дамытылып, өзгеріп отырған.

6)Домбыра құрылысы бірнеше бөліктен тұрады: басы, құлақтары, пернелер, мойын, шанақ, бетқақпақ, ілгек және ішектер.

7)Домбыра дыбыс өткізгіштігі жоғары қарағай, дыбыс жаңғырту қасиеті бар тұт, қатты жынысты үйеңкі, емен секілді киелі ағаштардан, негізінен, екі түрлі әдіспен – құралып немесе ойылып (шауып) жасалады.

8)Домбыра аспабы халықтық кәсіби өнердің туып-қалыптасуына, өркендеуіне негіз болған.

9)Домбыра – тек күй тартуға ғана емес, ән айтқанда сүйемел үшін де қолданылатын аспап.

10)Нағыз қазақ қазақ емес,нағыз қазақ домбыра

(14 баллов)