Адам баласы жолдастарымен, туыстарымен қарым-қатынас жасағанда оның таныс, таныс еместігіне, алыс-жақындығына, үлкен-кішілігіне, қызмет дәрежесіне қарамай, кішіпейіл, әдепті, ақылды болуы керек. Бұл адамгершілік борыш.Адамдар бірін — бірі сыйлай білулері керек.
Сонда оны басқалар сыйлайды.Адамдар байқағыш, сезімтал, көреген болуы керек.
Жеке басты ойламай, көппен бірге болуы керек.Ұлы істердің қандайы болмасын кішіпейілділіктен басталады. Сондықтан әркім өзінен кішілердің мінезі кішкентайынан дұрыс қалыптасуына қамқорлық жасап, оларға жол көрсете білу керек.