Басты бет Пәнаралық зерттеулер Әдістемелік еңбектер Отандық зерттеулер Мемлекет Басшысы тұлғасының Ұлттық тарихтың қазіргі кезеңіндегі рөлі Ұлы көштің көшбасшысы Ұлы көштің көшбасшысы 06 Қыркүйек 2013 2995 0 Ұлт ретінде жұтылып кетудің қасіретті қаупі қара бұлттай торлаған ауыр саяси-экономикалық жағдайда еліміз өз тәуелсіздігін жариялап, егемендікке қадам басты. Міне, осындай сын кезеңде тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаев ел тұтқасын қолына алды. Бірінші кезекте тәуелсіздік жағдайында мемлекет ретінде қалыптасуға бағыт алу міндеті алға қойылды. Биліктің мемлекеттік институттарын құруға, түрлі деңгейдегі дүниежүзілік ұйымдарға кіруге алғашқы қадамдар жасау ауадай қажет еді. Осы орайда 1992 жылдың басында дүниеге келген «Қазақстанның егемен мемлекет ретінде қалыптасуы мен дамуының стратегиясы» тұңғыш жоспарлау тәжірибесіне айналды. Президент Н.Назарбаевтың тікелей басшылығымен жасалған Стратегия қазақстандық ұлттың өзін-өзі танып білу жөніндегі мәселенің идеологиялық іргетасын қалаған республиканың тұңғыш ресми құжаттарының бірі болды. Елбасы «Қазақстан жолы» атты кітабында алғашқы жылдардағы күрделі кезеңді сарабдалдықпен ой елегінен өткізе отырып, былай дейді: Стратегия, өткенге қысқаша шолу жасай келіп, Қазақстанның қазіргі замандағы шекарасы алғашында тайпалардың этникалық мекен еткен ата қонысы, кейінірек қазақ ұлтын құраған және қазіргі Қазақстанның барлық жеріне бақылау жүргізген халықтың тарихи жері болғанын айтып түсіндірді. Біз тәуелсіз мемлекет өзінің қазіргі көрінісімен сақталып келгенін – ол әлдебіреудің қазақтарға берген сыйы емес, біздің тарихи Отанымыз, қазақтың ежелден бергі жері екенін ресми түрде мәлімдедік. Біз халыққа айқын бағдар бердік. Сондай-ақ біз мемлекеттің унитарлық тұтастығын, оның жерінің бірлігі мен мызғымастығын қамтамасыз ету үшін билік барлық конституциялық амалдарды пайдалана алатынын ашық айттық. Бұл сондайылық аумалы-төкпелі кезең үшін маңызды мәлімдеме болды. Осындай қиын жағдайда жарық көрген Президент Н.Назарбаевтың «Қазақстанның болашағы – қоғамның идеялық бірлігінде» деп аталған тұғырнамасы олқылықтың орнын толтыруға бағытталған, өтпелі кезеңді жан-жақты сипаттаған, болашақтың бағдаршамы іспеттес аса маңызды еңбек болды. Онда азат елдің алдында тұрған ұлы міндеттер – тағдырдың ұрпақ маңдайына жазған мемлекет құру, ел басқару ісін демократияландыру, осымен бір мезгілде нарықтық экономикаға көшу жан-жақты сараланды. Қазақ елі тәуелсіздігінің алғашқы жылдарында империялық шовинистік пиғылдар ұлттық мүддеге нұқсан келтіру, азаттық жолына түскен жергілікті халықтың тілін, дінін, мәдениетін, басқа да рухани қазыналарын жандандыруға қалай да тосқауыл жасау әрекеттеріне ашық түрде барып жатты. Ресей журналистері бұрынғы Кеңестер Одағының құрамында болған республикаларға жөнсіз тиісіп, олардың ішкі өміріне ашықтан-ашық араласуды дағдыға айналдыра бастады. Қазақстандық орыс интеллигенциясының кейбір өкілдері қазақ халқының рухани, мәдени проблемаларына түсіністікпен қараудың орнына, «біртіндеп құриды» дегендей «сәуегейлік» айтуға тырысып бақты. Осы орайда төмендегі жайларды да айтуға тиіспіз. Жасыратыны жоқ, Қазақ елінің болашағы жайында әртүрлі болжам айтушылар аз болған жоқ. Ұзақ жылдар бойы отарлық езгіде кіріптарлық күй кешіп, егемен елге айналған жас мемлекет енді қандай бағыт ұстайды, өз бетінше өсіп-өркендеуге мүмкіндігі бар ма деген мәселе ой-пікір жарыстырудың негізгі нысанына айналды. Осы тұрғыда ұлт зиялылары ғана емес, шетел сарапшылары да ой қозғап отырды. Бұл өзекті де күрделі міндетті еліне, жеріне жан-жүрегімен берілген, ұлт мүддесін алаулатқан қазақ публицист-жазушылары атқаруы тиіс еді. Солай болды да. Олардың алғы сапында публицист-қаламгерлер Шерхан Мұртаза, Камал Смайылов, Әзілхан Нұршайықов, Әкім Тарази, Мұхтар Шаханов, Рахманқұл Бердібаев, Өмірзақ Айтбаев, Сауытбек Абдрахманов, Ақселеу Сейдімбеков, Сапабек Әсіпов, Марат Қабанбаев, Қабдеш Жұмаділов, Бексұлтан Нұржекеев, Смағұл Елубаев, Алдан Айымбетов, Михаил Есенәлиев, Амангелді Айталиев, Қуанбек Боқаев, Жүсіпбек Қорғасбек, Жұмабай Шаштайұлы, Мейірхан Ақдәулетұлы, Аманхан Әлім, т.б. жүрді. Мерзімді басылымдарда ұлт мүддесі тұрғысындағы терең ойлы салиқалы да өткір мақалалар жарияланып жатты. Осылайша олар Қазақ елінің өзін-өзі билеуге деген ұмтылысына, ел егемендігі жолындағы құлшынысқа кедергі келтіруге тырысып, отарлық озбыр саясатты көксеушілерді әшкереледі.. Қазақ елі тәуелсіздігінің алғашқы жылдарында ғасырға пара-пар маңызды істер атқарылды. Республиканың тұңғыш Ата Заңы қабылданды.