Редукционизм дегеніміз не??? Анықтама 1 беттей болуы керек.

0 голосов
68 просмотров

Редукционизм дегеніміз не??? Анықтама 1 беттей болуы керек.


Қазақ тiлi (120 баллов) | 68 просмотров
Дан 1 ответ
0 голосов
Правильный ответ

XIX ғасырдың ортасында бірқатар табиғат зерттеушілері мен философтар ғылымдар иерархиясының дәйекті төрт саты түріндегі идеясын ұсынды: механика, физика, химия, биология.

Жаратылыстық ғылымдардың мұндай субординациясы туралы идеялар бүгін де кеңінен талқылануда. Мұнда өте маңызды бір проблема ерекшеленеді: барлық биологиялық құбылыстарды химияға, ал химиялық құбылыстарды физикаға апарып қосуға бола ма? Мұндай «жоғарғыны» «төменге» қосу редукционизм деп аталады (геdисtіо — қайтару, бұрынғыға қосу деген латын сөзінен). Бұл көзқарасқа сәйкес барлық химиялық құбылыстарды, заттардың құрылысын физикалық білімдердің көмегімен түсіндіруге болады. Бірақ бұған қарама-қарсы басқа да пікір бар: материяның әр түрі мен оның әрбір күйі (физикалық, химиялық, биологиялық) бір-бірінен соншалықты оңашаланған, тіпті олардың арасында «тіке өткелдер жоқ». Ортадағы синтетикалық көзқарас жалпыға танымал болып шықты: химияны да, биологияны да белгілі бір дәрежеде физикаға қосуға болады, басқаша айтсақ, физикалық білімдер арқылы түсіндіруге болады. Жаратылыстық ғылымдардың өзара байланысын сипаттайтын келесі идеяның да маңызы азболмай шықты. Табиғатты зерттеуде биологиялық білімдерді химияда, ал биологиялық білімдерді физикада қолданудың үлкен роль атқаратындығы бүгінгі күні толық дәлелденген. Бұл бағыт холизм немесе интегратизм деп аталады. Шыныңда да, тірі ағзада жоғары өнімді химиялық реакциялар мен физикалық құбылыстар жүріп жатады. Бүгінгі күні «тірі табиғаттың химиялық тәжірибесін игеру» химия мен химиялық технологияның дамуының маңызды бағыты болып табылады.

Редукционизм — (лат. қайта оралу) — біртектес құбылыстың сапалық деңгейін басқа құбылысқа телитін әдістеменің бір түрі. Редукционизм бұл психологияның өзіндік заңдылықтар мен тетіктерін ескермей, тіпті оларды шығаруға тырысып, оның ғылымдағы орнын елемеушілік. Психикалық құбылыстарды жанама эпифеномендік құбылыс ретінде қарастыруы жеке адамның сана-сезімі мен әрекетінің ерекшелігімен есептеспеу ғылыми тұрғыдан дұрыс болмайды.

(17.3k баллов)