20 бал берем!!!Тез!!ЕЛБАСЫ ТУРАЛЫ ЭССЕ.

0 голосов
84 просмотров

20 бал берем!!!Тез!!ЕЛБАСЫ ТУРАЛЫ ЭССЕ.


Қазақ тiлi (94 баллов) | 84 просмотров
Дан 1 ответ
0 голосов

Елбасы эссе


Қазақстанға қазіргі таңда бейбітшіліктің ақ құсының қонғаны-Елбасымыздың сындарлы еңбегінің арқасы.Ұлы даланың тағдыр-тарихын барлық дем тынысымен түсініп,елінің ендігі тарихын сол ұлылар рухында одан әрі жаңғырта,жасарта алып кететін ер,көзсіз батыр,тап-таза ар-намыстан жаралған қайтпас-қайсар қайраткер,елін басқарып,қос батырдың ісін істей алатындай ерекше тұлғаны тап басып таңдап,тағдырын қолына бергенінде жаза басып жаңылған жоқ еді.Біздің Президентіміз Қазақстанның әл-ауқатымен,ел экономикасын жақсартып,елдің тыныштығын сақтаудағы істері орасан зор.

Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлының көрегенді,біліктілігі мен ұйымдастырушылық тума таланты Қазақстан мемлекетінің гүлденіп,өркендеуіне жол ашқаны Астана қаласының көрік-келбеті айғақ.Тарихи тәлімнен сабақ ала білген Елбасымыздың даналығында да өткенмен сабақтастық тұнып тұр.Тәуелсіздігімізді аласала,Сарыарқа төрінен ұлттығымызға ұлы шаңырақ көтеру-тұңғыш Президентіміздің кемеңгерлігі,парасаттылығы.Тарихтың тағдыр-талайы шешуші сәтінде мемлекет басына келіп,шексіз ұлтжандылықпен рух биіктігін көрсетіп,елін өрлеу мен гүлдену жолына түсіріп,іркілмей бастап келе жатқан ізгі жан жайында жылы сөздер айтпау мүмкін емес.

Президентіміздің басшылығымен еліміздегі экономикалық жүйені түбегейлі реформалау,нарықтық экономикаға көшу жузеге асырылуда осының бәрі біздің елдің дамуының алғышарттары.

Елбасымыздың өмірі мен қызметі елі мен жеріне,оның болашақ дамуына арналған.Осы жолда қойдай қоңыр халқыңызды от пен суға түсірмей алға бастай беріңіз!Біз сізді мақтан тұтамыз-Елбасы!

(34 баллов)