Қазіргі дамыған заманда адамдардың басым бөлігі үлкен қалаларда тұрады. Кішкентай қалашықтар ұлғайып, ауыл тұрғындары азаюда. Бұл таңғаларлық жағдай емес, себебі үлкен қалада қолайлы өмір сүру үшін жағдай жасалған. Атап айтқанда супермаркеттер, сервис орталықтары, емханалар, кафе, мейрамханалар, такси қызметтері, мектептер, университеттер, ойын -сауық орталықтары...