Инструкция: «Внимательно прочитайте текст и ответьте ** 5 вопросов». Ақыл, қайрат, жүрек...

0 голосов
91 просмотров

Инструкция: «Внимательно прочитайте текст и ответьте на 5 вопросов». Ақыл, қайрат, жүрек және ғылым Қайрат, ақыл, жүрек – үшеуі таласып келіп, ғылымға жүгініпті. Қайрат айтыпты: - Ей, ғылым, өзің білесің, дүниеде еш нәрсе менсіз кәмелетке жетпейді, әуелі өзіңді білуге ерінбей үйрену керек, ол – менің ісім. Дүниеге лайықты өнер, мал тауып, абырой, мақсатты еңбексіз табуға болмайды. Болымсыз нәрсеге үйір қылмай, бойды таза сақтайтын, көрсеқызар жеңілдіктен құтқаратын мен емес пе? Осы екеуі маған қалай таласады? Ақыл айтыпты: -Не дүниеге, не ақыретке не пайдалы болса, не залалды болса, білетін – мен, сенің сөзіңді ұғатын – мен, менсіз пайданы іздей алмайды екен, ғылымды игере алмайды екен, залалдан қаша алмайды екен, осы екеуі маған қайтіп таласады? Менсіз өздері неге жарайды екен? Жүрек айтыпты: -Мен – адам денесінің патшасымын, қан менен тарайды, жан менде мекен қылады, менсіз тіршілік жоқ. Жұмсақ төсекте, жылы үйде, тамағы тоқ жатқан кісінің де, аш кедейдің жайында ойлайтын – мен. Үлкеннен ұят сақтап, кішіге рақым қылдыратын – мен, бірақ мені таза сақтай алмайды. Мен таза болсам, адам баласын алаламаймын, жақсылыққа елжіреп еритін – мен, жаманшылыққа жиреніп, тулап кететін – мен, әділет, ынсап, ұят, рақым, мейірбандық менен шығады, менсіз осылардың көрген күні не? Осы екеуі маған қалай таласады? Сонда ғылым бұл үшеуінің сөзін тыңдап болып, айтыпты: -Ей, қайрат, сенің айтқандарыңның бірі рас-ақ. Ол айтқандарыңнан басқа да көп өнерлеріңнің бары рас, бірақ қаруыңа қарай қаттылығың да мол, пайдаң да мол, залалың да мол, кейде жақсылықты берік ұстап, кейде жамандықты берік ұстап кетесің, соның жаман. -Ей, ақыл, сенің айтқандарыңның бәрі рас-ақ. Сенсіз еш нәрсе табылмайтыны рас. Тәңіріні де сен танытасың, екі дүниенің жайын да сен білесің. Бірақ сонымен бірге, амал да, айла да – бәрі сенен шығады. Қайрат, сенің қаруың көп, күшің мол, сенің де еркіңе жібермейді. Орынды іске күшіңді аятпайды ғой. Орынсыз жерге қолыңды босатпайды. Осы үшеуің басыңды қос, бәрін жүрекке билет. Осы үшеуің бір кісіде менің айтқанымдай табылсаңдар, қасиетті адам сол. Үшеуің ала болсаң, мен жүректі жақтадым. 16. Қайраттың өзі туралы айтқан пікірі A) «Болымсыз нәрсеге үйір қылмай, бойды таза сақтайтын, көрсеқызар жеңілдіктен құтқаратын мен емес пе?» B) «Не дүниеге, не ақыретке не пайдалы болса, не залалды болса, білетін – мен, сенің сөзіңді ұғатын – мен». C) «Менсіз пайданы іздей алмайды екен, ғылымды игере алмайды екен, залалдан қаша алмайды екен». D) «Әділет, ынсап, ұят, рақым, мейірбандық менен шығады, менсіз осылардың көрген күні не?» E) «Осы үшеуің басыңды қос, бәрін жүрекке билет». 17. Ғылымның айтқан ойларынан мағыналары жақын сөздерді анықтаңыз A) «Мен – адам денесінің патшасымын, қан менен тарайды, жан менде мекен қылады, менсіз тіршілік жоқ». B) «Жақсылыққа елжіреп еритін – мен, жаманшылыққа жиреніп, тулап кететін – мен». C) «Не дүниеге, не ақыретке не пайдалы болса, не залалды болса, білетін – мен». D) «Тәңіріні де сен танытасың, екі дүниенің жайын да сен білесің. Бірақ сонымен бірге, амал да, айла да – бәрі сенен шығады». E) «Менсіз пайданы іздей алмайды екен, ғылымды игере алмайды екен, залалдан қаша алмайды екен». 18. Автордың ойынша қасиетті адам деген қандай адам екенін анықтаңыз A) Аш кедейдің жайын ойламай, арын таза ұстайтын адам. B) Өзгеге пайдасы мол, залалы жоқ, күшін орынды іске жұмсайтын, орынсыз істен бойын аулақ ұстайтын адам. C) Пайданы іздеп, залалдан қаша алмайтын, ғылымды игере алмайтын адам. D) Жақсылыққа елжіреп ерімейтін, жаманшылықтан жиренбейтін адам E) Дүниеге лайықты өнер, мал тауып, абырой, мақсатты еңбексіз табуға болатындығын түсінетін адам. 19. Мәтіннің тақырыбына сай келетін мақал-мәтел A) Алтау ала болса, ауыздағы кетеді, төртеу түгел болса, төбедегі келеді. B) Адаспаймын деген ер тал түсте жолдан адасады. C) Досы көпті жау алмас, ақылы көпті дау алмас. D) Байтал шауып бәйге алмас. Жақсы аттың тісін ашпа. E) Бөрінің аузы жесе де қан, жемесе де қан. 20. Шығармадағы негізгі ой қай кейіпкердің пікірінде екендігін анықтаңыз. A) Ғылымның сөзінде. B) Ақылдың сөзінде. C) Бастың сөзінде. D) Қайраттың сөзінде. E) Жүректің сөзінде.


Қазақ тiлi (93 баллов) | 91 просмотров
Дан 1 ответ
0 голосов
Правильный ответ

Ответ:

16. А

17. Д

18. В

19. А

20. А

(22.8k баллов)