Менің достарым өте көп. Біз достарымызбен тату- тәттіміз, бірақ кейбір кезде ұрысып қаламыз да тез бір күн болмай татуласып, қателігімізді түсінеміз. Өйткені, шынайы достар ешқашан ұрыспауы керек деп ойлаймын. Сондықтан да біз достарымызбен ешқашанда ұрыспауға тырысамыз. Бірақ достарымыздан болмайтын нәрсеге ренжіп қалатынымыз бар. Мен кейбір балаларды түсінбей қойдым. Не үшін мектепте балалар жақсы оқитындармен бөлек нашар оқитындармен бөлек жүреді? Мен осыны түсінбей қойдым. Шынайы достар деген оған қарамайды емес пе? Мен бір нәрсені қалаймын, барлық әлемдегі достар ешқашан ұрыспаса екен тату- тәтті дос болып қалса екен деймін.