Помогите написать эссе ''у кого много друзей того враг не осилит'' пж помогите

0 голосов
81 просмотров

Помогите написать эссе ''у кого много друзей того враг не осилит'' пж помогите


Қазақ тiлi (64 баллов) | 81 просмотров
Дан 1 ответ
0 голосов
Правильный ответ

Ответ:

Жолдасы көпті жау алмайды.

Дос адам жанының айнасы тәрізді. Себебі адам өзі қандай болса, дәл сондай жанына жақын жанды іздейді. Ойы, арман-тілегі, мақсат, ең бастысы өмірдегі құндылығы бір адамдардың шынайы дос болып, өмір бойы араларынан қыл өтпейді. Ал достық дегеніміз - адамды ерекше қанаттандыра білетін, қуанышты үдетіп, кайғыны азайтатын қарым-қатынас түрі. Өмірде адал дос табу, достық қарым-қатынастарды сақтай білу өте маңызды. Себебі әрқайсымыз достыққа мұқтажбыз, ол ешқашан көптік етпейді.

Нағыз, адал дос өмірде орын алатын түрлі сәтсіздіктерге мойымай, басқа түскен ауыртпалықтарды бірге көтеруге жәрдемдесіп, қуаныш пен шаттық күндерді бөліседі. Дос адамдардың мінездері әр түрлі болуы мүмкін, дегенмен құндылықтары мен арман – мақсаттары бірдей болады, бірақ бұл жағдай достыққа еш кедергі бола алмайды. Халқымыз достық қарым – қатынасты ерекше бағалаған, бұған дәлел ретінде бірнеше мақал – мәтел де келтіруге болады.  Мысалы, “Дос жылатып, дұшпан күлдіріп айтады”, “Досы жақсының, өзі де жақсы”, “Дүниеде адамның жалғыз қалғаны өлгені, қайғының бәрі соның басында”.

Өз басым «Жолдасы көпті жау алмайды»деген мақалмен толықтай келісемін. Бір жағынан бұл мақалды тура мағынасында қарастырсақ, шынымен де, досы көп адамға ештеңе де қорқынышты емес, себебі адал достары әрдайым көмекке келіп, кез келген жағдайда құтқаруға дайын болады. Ал екінші жағынан, жолдасы көп адам ең бай адам десек болады, себебі арманы, мақсаты, құндылықтары бір достары оны өмір бойы қолдап, қуанышын бөлісіп, қайғысын ортақтасуға дайын болады.

(22.8k баллов)