Мәтінді мұқият тыңдап, не туралы айтылатынын анықтаңыз. Өз пікіріңізді өзгелердің...

0 голосов
235 просмотров

Мәтінді мұқият тыңдап, не туралы айтылатынын анықтаңыз. Өз пікіріңізді өзгелердің пікірімен салыстырыңыз. Ұлы Жібек жолы Байырғы заманда жердің түкпір-түкпірінде тұратын адамдар бір-бірімен сауда жүргізген. Алғашында ол қажетті заттармен айырбас ретінде жүзеге асқан. Мысалы, асыл тастар, алтын, күміс, тұз, шипалы өсімдіктер мен хош иіс сулары, азық-түлік және басқа да тауарлармен алмасқан. Кейіннен ақшаға сауда-саттық басталып, базар, жәрмеңке, сауда жолдары ашылды. Ұлы Жібек жолының Қазақстан жерінен өткен жолы Сауран қаласы болды. Қазақстан жеріндегі орта ғасырдағы ірі қалалардың бірі. Жібек жолындағы тағы бір тарихи қала – Иасы, кейіннен Түркістан атанған. Түркістан ертеден «екінші Мекке» деп аталып кеткен. Қожа Ахмет Иассауидің кесене ғимараты – бүкіл Орта Азиядағы сәулет өнерінің керемет үлгісі болып табылады. Жібек жолындағы даңқты қалалардың бірі Отырар еді. Бүкіл Шығысқа аты әйгілі қала ең алғаш Фараб деп аталды. Әл Фараби атанған ұлы ғалым Әбу Насыр Ибн Мұхаммед шыққан қала. Ұлы Жібек жолында тарихи қалалардың қатарына Испиджап, яғни, Сайрам да жатады. Сайрам ұзақ жылдар бойы Жібек жолы бойындағы саяси жағынан да, экономикалық жағынан да, мәдени жағынан да еңсесі биік қалалардың бірі болып қалған. Сол тұстағы аса ірі сауда орталығы Тараз болды. Елдер оны саудагерлер қаласы деп атаған. Тараздың жүрегі – мешіттері, керуен сарайлары болса, базардың айналасында түрлі шеберханалар, наубайханалар орналасқан. Ертеде Тараз қаласындағы сауда базарын көргендер «Тараз базары – әлем айнасы» дейтін. Себебі, бұл жақта кез келген дүниені айырбастауға, сату мен сатып алуға болатын. 2-тапсырма Ұлы Жібек жолының тарихи маңызы туралы өз пікіріңізді айтыңыз, өзгелердің пікірін тыңдаңыз, салыстырыңыз. «ПОПС» формуласын пайдаланыңыз. «ПОПС» формуласы: Бірінші сөйлем «Менің ойымша, ... » Екінші сөйлем «Себебі, мен оны былай түсіндіремін … » Үшінші сөйлем «Оны мен мына фактілермен, мысалдармен дәлелдей аламын … » Соңғы сөйлем «Осыған байланысты мен мынадай қорытынды шешімге келдім ... »


Қазақ тiлi (23 баллов) | 235 просмотров
Дан 1 ответ
0 голосов
Правильный ответ

Бұл мәтінде Ұлы Жібек жолы Қазакстанның қай қалаларынан өткені және қандай заттар сатылғаны айтылған. Сол қалалар сипатталып, қаншалықты маңызды екені әңгімеленген.

2 тапсырма

Менің ойымша Улы Жібек жолы Казак елінің тарихында манызды орын алады.

Себебі.... Осы жол арқылы әр ел халыктары өтіп, казак елі жайлы естіп, турмыс тіршілігі, мәдениті жайлы білді.

Оны мен........  Ертеде Тараз қаласындағы сауда базарын көргендер «Тараз базары – әлем айнасы» дейтін. создерден осы базарлады корген адамдар Тараз каласына тәнті болганын байкадым

Осыган байланысты........... Біз Ұлы Жібек жолын тарихымыздагы орнын кадірлеуіміз кажет


(289 баллов)
0

Спасибо огромное

0

Ты пид кхмкхм өте жақсы мэн

0

Огромное спасибо