Сочинение: Елбасы - ел тірегі

0 голосов
111 просмотров

Сочинение: Елбасы - ел тірегі


Қазақ тiлi (472 баллов) | 111 просмотров
Дан 1 ответ
0 голосов

Ұлан байтақ кең даланы алып жатқан еліміздің жан–жағы  көгілдір, күрең ала таулар қоршаған жерде туып өскен Елбасымның мұраты - биік, арманы - асқақ. Қазір әлем таныған ел болып отырғанымыз елін сүйген Елбасының арқасы десек, қателеспейміз. Қазақ халқының тарихи Отаны, сонау  түп аталарымыздың мәңгілік бесігі,  ұрпағымыздың ұлы ордасы Қазақстанды, Қазақ елін әлем халқы тәуелсіздік алғаннан  кейін ғана таныды. «Қырсық  шалған -  қырық сүрінеді» деп халқымыз тегін айтпаған шығар?!Жоңғар шапқыншылығы,  патша отаршылдығы, сталиндік нәубет, голощекиндік ылаң, фашистік қырғын, тоталитарлық теперіш сынды қазақ халқының кешпеген қасіреті, шекпеген тақсіреті бар ма, сірә?! “Қазақ елім, Қайқайып  белің, Сынуға тұр таянып. Талауда малың Қамауда жаның Аш көзіңді, оянып,” – деп, Ахмет Байтұрсынов айтқандай, көркейгені сол -  жері тозды, азып, құрып кетуге сәл қалды. Тәңір, тағдыр, тарих, табиғат – құдіретті күштер. Бүгінгі дәуірде біз олардың  қадір–қасиетіне терең көз жіберетін болдық. Өйткені Тәңір, Тағдыр, Тарих, Табиғат пейілі түсіп, қазақтың маңдайына берген Нұрсұлтандай Елбасының кемел ақыл–ойы, керемет күш–жігері арқасында егеменді Қазақ елі қайта түлеп, қарыштап  өркендеді. Елбасымыз: «Содан бері  зымырап уақыт өтті. Бұл уақыт тарих үшін аз уақыт болар мүмкін, бірақ жылға бергісіз күндер, ғасырға бергісіз жылдар болады. Соңғы жылдар ғасырға татитын оқиғалар болды десең, артық айтқандық болмас,» - деген сөздері әбден орынды, талассыз  шындық. Өйткені Елбасымыз Қазақ елін білімімен тәжірибесіне, ақылы мен парасатына, ар–ожданына сүйене отырып, өрге сүйреді, әлем таныған елдер қатарына қосты. Сағым жетпес сайын даламыз, ұшатын қанаты бар құс екеш құс түгел жансыз болат лайнердің қанаты талатындай шет-шегі жоқ, далиып, жайылып жатыр. Осынау кең байтақ Қазақ жерінің төрт құбыласын бекітіп, заңдастырған қандай жақсы?! Енді киелі жерге бөгденің тышқаны да жорғалап келе алмайды. Ал кімнің тұсында, кімдердің күшімен, ерлігі мен даналығымен ие болдық, осынау жерге?! Әрине, Назарбаевтай Елбасымыз, ол басқарған мемлекеттің, оны қолдаған қалың халық Қазақстандықтардың арқасында жеттік осы күнге. Осынау жеңіс–жетістіктің, егемендіктің ұрыс–жанжалсыз, қантөгіссіз келгеніне әрі таң қаласың, әрі қуанасың.


(46 баллов)