Кластер ** казахском ** тему отырар

0 голосов
89 просмотров

Кластер на казахском на тему отырар


Қазақ тiлi (23 баллов) | 89 просмотров
Дан 1 ответ
0 голосов

Отырар медресесі – Отырар қаласында болған ортағасырлық діни оқу орны. 8 ғ-дың аяғында құрылып, моңғол шапқыншылығына дейін жұмыс істеген. Медреседе жан-жақтан білім іздеп келген шәкірттер 10 жыл бойы тәрбиеленді. Оларға бесінге дейін сабақ берілсе, бесіннен кейін медресе жұмысына салынды (аула сыпыру, ас пісіру, бау-бақша суару, т.б.). Ал екіндіден кейін шәкірттер өз жұмыстарымен айналысты. О. м-нде алғашқы 5 жылда сол заманғы әлемдік үш тіл: түркі-қыпшақ, парсы, араб тілдері оқытылды. 5 жылдан кейін шәкірттерге діни сабақтармен қатар астрономия, геометрия, музыка, т.б. ілімдер бойынша жан-жақты білім берілді. Тіпті бұрнағы заманда жойылып кеткен әліппелер (мыс., Финикия әліппесі) үйретілді. О. м-нде ғұлама ғалым Әбу Наср әл-Фараби оқығанАудан тұрғындарының негізін осы өңірдің байырғы халқы – қазақтар (99,7%) құрайды. Халық негізінен Сыр бойы және ауданның шығысындағы Арыс өзені аңғарында қоныстанған. Тұрғын халықтың орташа тығыздығы 1 км2-ге 3,0 адамнан келеді. Ірі елді мекендері: Шәуілдір (8,8 мың адам), Темір (4,3), Көксарай (4,2), Арыс (3,0), Балтакөл (2,9), Маяқұм (2,6) т.б. Аудан негізінен мал шаруашылығына маманданған. 1996 жылға дейін етті-сүтті бағыттағы 8 кеңшар, 1 асыл тұқымды мал зауыты болған. Бұрынғы кеңшарлар негізінде аудандағы барлық шаруашылық жүргізуші субъектілердің саны 3420-ға жетті (2003). Оның ішінде заңды тұлғалар саны 487, жеке тұлғалар 2933, шаруа қожалықтары 2569, жеке кәсіпкерлер 364. Ауданда ауыл шаруашылығына жарамды жердің аумағы 1692 мың га, оның ішінде жыртылатын жер 15,8 мың га, көп жылдық ағаштар 256 га, шабындық 15,5 мың га, жайылым 16,48 мың га болды (2003). Ауданда өнеркәсіп өндірісінде 13, ауыл шаруашылығында 590, құрылыста 1, көлік және байланыс саласында 3, саудада 180 және басқа кәсіпкерлікпен айналысатын 16 шаруашылық субъектілер тіркелген (2003). Шаруашылықтың барлық санаттары бойынша 2003 жылы егіс аумағы 15,8 мың га болды; оның басым бөлігін мақта (7905 га) мен жүгері (3269 га) құрайды. Ауданда 2004 жылдың 1-қаңтарында 19,1 мың бас ірі қара, 163,5 мың қой мен ешкі, 5,4 мың жылқы, 1264 түйе болды. Халыққа білім беру, мәдениет және денсаулық сақтау салалары бойынша ауданда 1 кәсіптік-техникалық мектеп, жалпы білім беретін 45 мектеп, 11 клуб, 1 мәдениет сарайы, 1 музей, 1 мектеп-интернат, 15 кітапхана, 9 аурухана, 28 фельдшерлік-акушерлік пункт, 6 ауылдық амбулатория болды (2003). Аудан аумағында көне қалалар мен қорған орындары көптеп кездеседі. Әйгілі “Арыстанбаб” кешені осы Отырар ауданының аумағында орналасқан.Отырар (Тұрарбанд, Тұрар, Тарбанд, Фараб) – ортағасырлық қала орны. Оңтүстік Қазақстан облысы Отырар ауданының Темір темір жол стансасынан солтүстік-батысқа қарай 7 км жерде орналасқан. Отырар 8 ғасырдың басынан Тарбанд (Трабан) деген атаумен белгілі. Бұл атау Күлтегін және Білге қаған құрметіне арналған көне түркі жазбаларда кездеседі. 8 ғ-дағы араб географы Якут “Тарбанд, Тұрар, Тұрарбанд пен Отырар – бір қала” деп жазады. Араб тарихшысы Табаридің Отырар патшасын әл-Мамун халифтың жауларының бірі деп атағанына қарағанда, Отырар 9 ғ-дың өзінде-ақ ірі қала болған. 10 ғ. жазбаларында Кедер деген орталық қаласы бар Фараб аймағы аталады. Ал Фараб Кедерден көне қала екені әл-Мақдисидің (10 ғ-дың аяғы) еңбегінде жазылған. Оның айтуынша, бас қала аймақ есімімен Фараб аталған. 10 ғ-дан кейін Кедер тарихи және географиялық жазбаларда аталмайды, оның орнына астана да, аймақ та Фараб делінген. Отырар 5 – 15 ғ-ларда Аралбойындағы көшпелі тайпалармен сауда жасайтын Иран мен Орта Азиядан Сібірге, Моңғолияға және Қытайға қатынайтын сауда жолындағы маңызды қала болды. Кейбір зерттеушілердің пікірінше, қалада сол кезде әлемдегі аса ірі кітапхана және көптеген мешіт-медреселер болған.

(22 баллов)