Отбасы - адам үшін ең жақын орта. Отбасында бала алғаш рет өмірмен танысады. Отбасының басты қызметі баланы тәрбиелеу, саналы азамат болып өсуі үшін қажет жағдайын жасау, қамқор болу. Біздің отбасымызда тату-тәтті өмір сүреміз, үлкендерді сыйлаймыз, бір-бірімізге көмектесеміз. Әкем еңбек етіп бізді асырайды, оқытады, жеткізеді. Ал анам үйдің берекесін келтіріп, бізді жақсылыққа тәрбиелейді. Осындай отбасында дүниеге келген мен бақыттымын!