Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте. Диалог жазып беріндерш. Пжжжж

0 голосов
133 просмотров

Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте. Диалог жазып беріндерш. Пжжжж


Қазақ тiлi (65 баллов) | 133 просмотров
Дан 1 ответ
0 голосов
Правильный ответ

Ответ:

"Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте" диалог.

- Айбибі, не істеп отырсың? Өзіңмен – өзің сөйлесіп отырсың ба?

- Жоқ, Мақпал. Түрік тілінен жаңа сөздерді жаттап, қайталап отырмын.

- Сен түрік тілін де оқып жүрсің бе?

- Ия.Менің үлкен ағам қазақ – түрік лицейінде білім алады ғой, білмеген нәрселерімді сұрап, ағамнан үйренемін.

- Қандай керемет! Ал мектепте ше, ағылшын тілін де қатар оқисың ба?

- Ия. Дәл солай.  

- Қиын ғой, бірнеше тілді қатарынан меңгерген... Қалай шатаспайсың?

- Ынтаң болса, ештеңе де қиын емес. Мен керісінше көп нәрсе білгім келіп, жаңа білім алуға құштармын!

- Мен саған қызыға қарап тұрмын... Өзім ағылшын тілін онша білмейтін едім.

- Мектепте жақсылып оқып алғаның абзал. Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев 2007 жылғы «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» атты халыққа кезекті жолдауында үш тұғырлы тіл жобасын кезеңдеп іске асыруды ұсынған болатын. Бұл жағдайда Қазақстан бүкіл әлемге халқы үш тілді пайдаланатын мәдениетті ел ретінде танылады. Бұл тілдер: қазақ тілі – мемлекеттік тіл, орыс тілі – ұлтаралық қатынас тілі және ағылшын тілі – халықаралық бизнес пен экономика тілі.  

Болашақ осы үш тілді қатар, жетік меңгерген жастарымыздың қолында болмақ. Себебі қазіргі жаһандану заманында бәсекеге барынша қабілетті жастардың болашағы жарқын болмақ. Мен өз болашағымда шет тілдерімен байланыстырамын. Халқымыздың «Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте» деген мақалы - менің ұстанымым.

- Жақсы, Айбибі. Енді саған ұқсап, шет тілін ден қойып оқитын боламын!

(22.8k баллов)