Мәселе, мақсат, міндет, тапсырма(задача; problem, task) - талданатын немесе шешілетін проблема; мультипрограммалау және мультипроцессорлық өңдеу режімінде — компьютермен орындалатын жұмыстардың элементі ретінде басқару программасы арқылы орындалатын командалар тізбегі; ресурстар бөлінуді талап ететін есептеу жүйесі жұмысының негізгі бірлігі; программа немесе бір-бірімен байланысты программалар тобы. Әр түрлі есептерге жататын программалар бір-бірімен байланыспайды. Кейде task сөзі процесс терминінің баламасы ретінде қолданылады.