1. Өлеңнің негізі идеясы - не? 2.Ақын не себепті өмірді сағатпен байланыстырған? 3. Абай неге сағатты ұрыға теңейді? 4. Сағат адамның өмірін қалай ұрлайды? 5. Ақынның 《Сағаттың сыбрыды - өткен өмірдің белгісі》деген ойын қалай түсінесің? По стихотворению: Сағаттың шықылдағы емес ермек, Ћәмиша өмір өтпек — ол білдірмек. Бір минут бір кісінің өміріне ұқсас, Өтті, өлді, тағдыр жоқ қайта келмек. Сағаттың өзі — ұры шықылдаған, Өмірді білдірмеген, күнде ұрлаған. Тиянақ жоқ, тұрлау жоқ, келді, кетті, Қайта айналмас, бұрылмас бұлдыр заман. Өткен өмір белгісі — осы сыбдыр, Көңілді күнде сындыр, әлде тындыр. Ақыл анық байқаған қылығыңды, Қу шыққансып қарасып босқа бұлдыр. Күн жайылып ай болды, он екі ай — жыл, Жыл жайылып, қартайтып қылғаны — бұл. Сүйенген, сенген дәурен жалған болса, Жалғаны жоқ бір тәңірім, кеңшілік қыл.