Бұл суреттерде қазақ xалқының ұлттық ойындары мен сайыстары бейнеленген . Мысалы бірінші суретте көне заманнан бері келе жатқан қазақ xалқының киіз уйі суреттелген . Киіз үй өте қолайлы болған , жазда іші қоңыр салқын , ал қыста жылы болғандығымен ерекшеленеді . Ал екінші суреттен біз "Көкпар" ойынын көреміз . Көкпар ойыны қазақтың ұлттық мерекесі "Наурыз" мейрамында ойналады . Ал ерте заманда адамдар әсіресе байлар , өз қуаныштарында осы ойынды ойнатқан . Көкпар ойынын ойнау әр адам қолынан келе бермейді , себебі осы ойынды ойнау үшін адамға батылдылық пен нысандылық керек деп ойлаймын . Үшінші суреттен біз Айтысып отырған екі адамды көреміз . Айтыс адамдары өте шешен және сөз байлықтары мол келеді . Айтыс біз ойлағандай оңай емес , себебі , айтысқанда қарсыласыңның не айтатынын білмей , қандай қиыншылық болмаса да сен өзіңді сол жерден көрсете білуің керек . Және соңғы суреттен біз Күресті көреміз . Ал күресу үшін адамда ең бірінші қасиет ол батылдылық болу керек . Жалпы осы суреттердің бәрін бір сөзбен айтқанда менің көз алдыма " Наурыз " мейрамы елестейді.