Сағаттың шықылдағы емес ермек.
Бір минут бір кісінің өміріне ұқсас.
Сағаттың өзі — ұры шықылдаған,
Өмірді білдірмеген, күнде ұрлаған.
Тиянақ жоқ, тұрлау жоқ, келді, кетті.
Қайта айналмас, бұрылмас бұлдыр заман.
Өткен өмір белгісі — осы сыбдыр,
Көңілді күнде сындыр, әлде тындыр.
Ақыл анық байқаған қылығыңды.
Қу шыққансып қарасып босқа бұлдыр.