Дүниеге келген әрбір адамның,кейде қызықты,кейде мұңлы оқиғалары болады.Ол сәттерді біз ешқашан ұмыта алмаймыз,яғни ол сәт біздер үшін қызық болып табылады.
Әрбір пенденің өз өмірі,өз тағдыры болады.Иә,тағдыр мың болғанымен,мына өмір жалғыз.Адамның ұзақ немесе қысқа жасаған өмірін бір минутта айтып жеткізу мүмкін емес.Себебі,ол адам өз өмірінде өзіне сабақ болатын қаншама нәрселерді бастан кешірді.
Әрбір адамның басына жазылған өз тағдыры болады.Сол жазылған тағдыры негізінде өмір бастаулары басталады.Өмір сүре отырып біз тағдырымыздың сан парағын ашып,сан парағын жауып жатамыз.Мүмкін,бұл да бір заңдылық болар.