Қар барысы: Барыс – Қазақстандағы ең үлкен жабайы мысық. Саны 200-ден аспайды. Жылдан-жылға азайып бара жатыр. Себебі – азық қорының азаюынан саны кемуде. «Қызыл кітапқа» енген, қорғауға алынған.
Қоқиқаз (лат. Phoenicopterus) - дене бітімі ерекше, тұмсығы имек, сирек кездесетін құстар. Қоқиқазтәрізділер сабы (лат. Phoenicopteriformes) және қоқиқаздылар тұқымдасының (лат. Phoenicopteridae) жалғыз туысы. Қызыл қанат деп те аталады. Қорғалжын қорығындағы Теңіз көлінде ғана ұялап, жұмыртқалайды. Ол басын суға батырып, түбін қопарып, судағы жәндіктерді аузына толтырып сүзіп алып қоректенеді. Ұя жасауға да су түбіндегі тұнбаны пайдаланады. Ұшып бара жатқан қоқиқаздың қанаттары лапылдап жанған оттың жалынына ұқсас болғандықтан оларды кей халықтар “от немесе жалын құс” деп те атайды.