1)
Арман: – Анашым!Мен бүгін шешендік өнерден бірінші орын алып келдім!
Анасы: – Жарайсың, құлыным!“Өнер алды - қызыл тіл” демекші,тіліңді қастерлеп еркін сөйлеп,осындай байқауларға қатысуың да бір өнер ғой.
Арман: – Ия,анашым.Мен сізбен толықтай қосыламын.Алайда,маған әлі де дайындық керек,көп кітаптар оқуым керек...
Анасы: – Қазір барып қалаған кітаптарыңды кітапханадан алайық та, екеуміз отырып дайынлалайық.Әлі де сені жүлделі орындар алады деп сенемін,балапаным.
Арман: – Міндетті түрде!
3)
Мұғалім: – Қане,кім жылатты Динараны?Мойындаңдар!
Оқушылар: –....
Динара: – Апай...Әли мені жылатқан.Ол маған “ сен қортықсың ” деп тиісті.Әрі бұл бірінші рет емес.
Әли: – Апай,мен ойнаған едім...
Мұғалім: – Динара маған жылап келмесе,бұл қылығыңды жалғастырар ма едің сонда?Қане,кешірім сұра!
Әли: – Динара,сөзім тиіп кетсе,кешірші.Мен әдейі емес.Бұдан былай қайталанбайды.
Динара: – Жарайды...
Мұғалім: – Оқушылар,“ойнап сөйлесеңдер де,ойлап сөйлеңдер”!Ендігде мұндай жағдайлармен кездеспейтін болайын!
Оқушылар : – Ия!
2)
Анар: – Кеше білесің бе...
Айым: – Анар,ал сен білесің бе көп сөйлейтініңді?Сен мектептегі бар жағдайды білетін шығарсың...
Анар : – Не дегің кеп тұр сонда?
Айым : – “ Көп сөз - күміс,аз сөз - алтын ” ғой...Әрине,мен қарсы емеспін сенің менімен қызықтарыңды бөліскеніңе... Меніңше,сен ертең болатын байқауды ұмытып кеткен секілдісің.
Анар : – А?Не байқау?
Айым : – Әне көрдің бе?!Мен саған кездескен бойда мен бақ сынайтын байқау туралы айтып,қолдау сұрап жатқанымда,сен сөзімді бөліп өз әңгімелеріңді айтып кеттің ғой.
Анар : – Мүлдем есімнен шығып кетіпті ғой.Кешірші...
Айым: – Әрине кешіремін.Бірақ мен сенің бұдан былай өзгелер туралы жаман сөздер айтқаныңды дұрыс деп санамаймын.
Анар: – Мен тырысамын бұл жағымды жеңуге!