Халқымыздың тәлім-тәрбиесі ананың ақ сүтімен, әже өнегесімен, аталар ақылымен беріліп, сол арқылы ұлт пен келешек ұрпақ бойында өзіндік қасиетімізді қалыптастыру – көздегеніміз. Жас ұрпаққа әрқашан төзімділіктің, даналықтың үлгісі болып келетін қарияларымызбен мақтанамыз, марқаямыз. Ел мүддесін бәрінен биік қоятын, ізінен ерген інілерінен ізеттігін аямайтын, ұрпағына ұлылығын ұялатып, бір қауымға бас-көз бола білген ауыл қарттарының орны ерекше, олай болса әр халықтың бойында ықылым заманнан бері қалыптасып, оны өзгелерден даралап тұратын, тек өзіне ғана тән қасиеттері болады.