Уақыт. Қандай да бір нәрсенің болмасын, белгілі бір уақытпен санасып, нақтылы бір өлшемдермен белгіленетіні белгілі. Адам баласының, күллі жаратылыстың азды-көпті ғұмырлары уақыт деген ұғыммен тығыз байланысты.
Уақыт – емші. Адамзаттың мейлі ол ашу-ыза, өкпе-наз болсын, мейлі жүрек жарылардай қуанышты сәттері болсын, уақыт өте келе бәсеңдей түсетіндігі анық. «Уақыт – барлығын өз орнына қояды» деген сол.
Дінімізде уақыт мәселесінеерекше маңыз берілген десек артық айтқандық емес.Дін мәселелеріне көз жүгірткенде көптеген нәрсенің уақытпен тығыз байланыстылығын аңғарасың.