"Отан – отбасыдан басталады" деген тақырыпта диалог:
– Ата!
– Ау,құлыным?
– Қазақ халқында неге "Отан – отбасыдан басталады" деген?
– Себебі,балам,отбасыдан әр адамның өмірі бастады.Отбасыдан тәлім-тәрбие алады.Ал сол тәлім-тәрбиесі келешекте мемлекет болуға септігін тигізеді.
– Сонда отбасы Отанның кішкентай бастамасы ма?
– Жоқ,сен олай қателеспе.Отбасы Отанның ажырамас бір бөлшегі саналады.
– Сонда отбасыдағы адамдарға қалай қарасаң келешекте елдің,Отанның адамдарына солай қарау деген сөз бе?
– Ия,дұрыс айтасың.Отбасы мүшелеріне сен қамқор боласың,олар туралы уайымдайсың,оларды жақсы көресің.Өз халқыңа да солай қарай білу керек.
– Ал отбасы жоқтар ше?
– Оларға біз "отбасы" бола білуіміз керек.Өз құшағымызды ашып,мейірімді қарауымыз керек.Себебі,біз – бір Отанбыз.
– Рахмет,аташым.Мен кеттім.Әкеме сырт шаруасын көмектесейін.
– Бара ғой,жарығым.