Ауылым – алтын бесігім
Жүрегім, жырым сенікі,
Кеңесті далам, кең далам.
Тудым, өстім, есейдім,
Ең далам – анам, мен - балаң деп ақын атамыз жырлағандай, менің ең далам, тұғырым - Қазақ елі. Туған өлкемнің тұныптұрған әсем көрінісі бойыма еріксіз мақтаныш сезімін құйады. Тау етегіндегіқуыстарды қуалай өскен буталы орманы, тау суын сарқырата кең далағаалып қашқан өзендері, дән теңізіне шалынған жазық даласы, төрт түлікмалға төсін ашқан құтты жайлау қырлары, көк жасыл желекке бөленген ауыл үйлері, зәулім ғимаратты үлкен, көрікті қалалары бойыңа еріксіз күш, қайрат, еліме деген махббат сезіміне бөлейді. Қасиетті, туған жер! Бойымдағы бар жақсы қасиеттерімүшін мен саған қарызармын, қажырлық пен қайсарлықты, құзды шыңды тауың мен асау желің үйретсе, жомарттық пен ақ пейіндікті мына жатқан жеміс талы сай-самаңнан үйрендім. Шыдамдылық пен байсалдықты шетсіз де шексіз далаңнан үйрендім. Осынша сұлұлыққа бөленуіне қандай себеп, әсер етуші қандай күш деп толғанамын, ойлана келіп тау қуысындағы әрбір бұтаның, өзенге күлерәрбір бұлақ көзінің теңіздей тербелген егістегі дән сабағының, жайлауыңдағы әрбір шалдың, ауылдағы әрбір жеміс ағашының бойында адамның жұмсаған күкі-жігерін, төгелгентері – еңбектен жазылған шежіресі барлығын ұғамын. Туған жерім – алтын бесігім деп туған елдікөркейтуде аянбай тер төккен еліміздің перзенттерінің еңбегіне сүйеніп, өзің де солардың қатарында болғың келеді. Осынау күн сәулеулі нұрын шашқан кең байтақ даламда жузден астам ұлт өкілдері тұрады.Халқымның ерлігі – еңбекте, арманы - әнінде, қуанышы – күйінде, бақыты – бауырмандығында, жасампаздығы – жарқын істерінде дептүсінемін. Елімнің тарихында бұрын соңды блмаған саясы,әлеуметтік, мәдени-тарихи жетістітердің бірінен соң біріне қолжеткізіп жатыр. Қазақ елін бүкіл әлем таниды. Ол дүние жүзінің көптеген елдері мен достық байланыс орнатты. ТМД, БҰҰ ұғымдарынамүше болып, дүниежүзілік қауымдастықтан өз орын алды. Еліміз үшін жиырмасыншы ғасырдың маңызы зор. Себебі еліміз тәуелсіздік алып, сол тәуелсіздіктің белгілеріне ие болдық. Өзіміздің ұлттық бейнемізді, болмысымызды, тарихимызды көрсететін рәміздерімізді белгіледік. Еліміздің елдігін танытатын белгілерінің ішінде – Мемлекеттік Тудың, Елтаңбаның, Әнұраның жөні бөлек.1998 жылы 10 масымкүні жаңа Астана дүние жүзіне таныстырылды. Бугін де әлем назарын өзіне аударып, келешегін қызықтырып отырған Қазақстанның әр күні, айы, жылы жағымды жаңалыққа толы. Қиын мезгілде бейбіт өмір сүріп жатқан қазақстандықтар Нұрсұлтан ағамыздыңұстанған саясатын толық қолдайды. «Жақсының жақсылығын айт, нұры тасысын» демекші бізде ол кісінің жүргізіп жатқан ісін қуаттаймыз. Біздер жастар, қазақ елінің ертеңіміз Бірінші ұланғайыр жұмыстарды біз жалғастыратын боламыз. Соңдықтан да менің құрбыларымөте жақсы оқып, білімді болып ер жетуі тиіс. Мен осы Қазақстанымның болашағы зор екеніне сенемін, өйткені біздің елімізде татулық та, достық та, байлық та бар. Тек қанаіскер жандар мен білімді азаматтар керек деп ойлаймын. Мен өзімнің кең-байтақ Қазақстанымды сүйемін. Адам асқар арманынахалқын, тілін, Отанынтуған жерін шынайы сүйсе ғанақолын жеткізе алады. Ендеше, мен бақыттымын. Қазақ жастары алаңсызөмірсүруі үшін ең керегі – бейбітішілік. Біз осы тәуелсіздігімізді аңсап, зоғып зорға жеттік. Сондықтан да тәуелсіздігіміздің қасиетті белгілерін ерекше қадірлеуіміз,қастерлеуіміз керек. Бұл – біздің туған ел алдындағы перзенттік борышымыз. Көгілдіраспанымызды соғыстың бұлты торламай, осыдан жарты ғасыр бурын адамзат баласына жасалған қатыгездік қайталанбай халқымыз азат, еркін,бейбіт өмір келсе екен. Көрші елдердегі ел басына түскен ауыртпашылық, соғыс зардабы бізге келмесе екен. Біздің қазақ елі аяғынан тік тұрып, гүлденіп көркейтіп, біз сенілді жастар елінің кекркгіне жарап, кірпіш болыпқаланса деп армандаймын. Сол асқақ арман мені әлдилеп алға жетелеп келеді.