Орта ғасырдағы Орта Азия елдерінің көрнекті ғұлама ғалымдары: Әбу Райхан Бируни, әл-Хорезми, Әбу Әли ибн Сина, Ұлықбек, әл-Фараби т.б.Әбу Райхан Бируни
973 жылы Қият қаласының іргесіндегі ауылда дүниеге келді. Ол 150-ге жуық кітап жазған, оның 45-і астрономия мен математикаға арналған. Бируни еңбектерін араб тілінде жазды. Оның «Үндістан», «Масғүд каноны» т. б. еңбектері біркатар шетел тілдеріне аударылған. Бұл кітапта үнділердің астрономиялық және математикалық білімдері талданған, сонымен қатар сол кездегі Үндістанның табиғаты, халқының әдет-ғұрпы мен салт-дәстүрі суреттелген. Әл-Хорезми
Aлгебра ғылымының негізін салушы. Математика саласындағы ең ірі еңбегі «Китаб ал-жабр ва мукабаа» деп аталады. Заманында бұл еңбегі жоғары бағаланып, оны «алгоритм атасы» деп атаған. Хорезмидің «Астрономия кестесі», «Күн сағаты туралы трактат» еңбектері жоғары бағаланған.