Эссе Шко керемет жерлеры

0 голосов
65 просмотров

Эссе Шко керемет жерлеры


Қазақ тiлi (12 баллов) | 65 просмотров
Дан 1 ответ
0 голосов

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанда табиғат шеберлікпен үйлестіріп, жомарттықпен бере салған таңғажайып көрікті орындар аз емес. Соның бірегейі - Шарын шатқалы. Шарын шат­қалының тарихы бұдан 300 млн жыл бұрынғы геологиялық замандардан сыр шертеді. Мұнда көне замандардан сақталған саналуан пішінді түрлі-түсті жартасты «қамалдарды» көз алдыңызға әкеліп қойғандай көрікті көріністерді елестетеді. Дүниежүзінде дәл сондай көріністерді тек Солтүстік Американың Колорадо штатындағы «Үлкен шатқал» алқабынан ғана кездестіруге болады. Жер бедерінің мұндай көрініске ұшырауы бұдан 12 млн жыл бұрынғы жел мен су эрозиясының және мұздану дәуіріндегі табиғи құбылыстардың әсер ету ықпалынан пайда болғанды­ғы байқалады. Шарын шатқалы Алматы қа­ласынан 193 шақырым қашық­тықтағы Алматы облысының Еңбек­шіқазақ, Райымбек және Ұйғыр аудандарының аумағындағы Шарын өзенінің аңғарын бойлай оңтүстік-батыстан солтүстік-шығысқа қарай 154 шақырымдық алқапқа созылып жатыр. Шарын шатқалындағы сан­алуан бедерлі көріністерді жергілікті тұрғындар ерте кездерде «Шайтан қала», кейіннен «Қызғылт қамалдар аңғары» деп атаған. Ондағы әр түрлі мүсін пішінді жеке жартастар «Сфинкс», «Мыстан кемпір», «Айдаһар», «Тас қапшық», т.б. аталады. Шатқалдағы түрлі пішіндегі «жартасты қамалдардың» өзен арнасынан биіктігі 150-300 метрге жетеді, ал өзен аңғарының ені 20-80 метрдей болып келеді. Шарын өзені Теріскей және Күнгей Алатауларынан басталып, Іле өзеніне құяды, оның ұзындығы 427 шақырым. Шарын шатқалындағы өзен аңғарында геологиялық замандардан сақталған реликті ерен ағашы шағын тоғай болып өседі. Бұл ерен тоғайы Орта Азия мен Қазақстан аумағында ғана сақталған өте құнды бірден-бір табиғат ескерткіші болғандықтан, 1964 жылы 19 наурызда Қазақ КСР Министрлер Кеңесінің №447-Р арнайы қаулысымен республикалық маңызы бар табиғат ескерткіші деп жарияланады.


(109 баллов)