Бір аяқ қымыздың
Екі аяқ желі бар.
Ауырсаң айран іш,
Сіңірің түйілсе сүт іш.
Тарысы бардың —
тақаты бар,
Құрт, майы бардың —
рахаты бар.
Қауыны бардың —
сауыны бар,
Тілігі бардың —
тынымы бар.
Айран ішкен құтылар, Аяқ жалаған тұтылар.
Айран сұрай келіпсің
Шелегіңді жасырма.