Басқа тілді үйрену үшін, ең алдымен, өз ана тіліңнің қыр-сырын жақсы білуің керек. Өз тіліңді жақсы білсең ғана басқа тілді үйрене аласың. Кейбір зерттеушілердің пікірінше, басқа тілде жетік сөйлеу үшін 2 мың сөз білген дұрыс. Сонда ғана кітап оқып, емін-еркін ақпарат алуға болады. Кем дегенде 5 мың сөз игерсең, ақпарат есігі ашылады. Қазақ тілі – көркем тіл. Ол синоним сөздерге, фразеологизмдерге, мақал-мәделдерге бай.