Еліктеу сөздер -айналадағы, табиғаттағы түрлі дыбыстарға, құбылыстарға, және солардың бейнелеріне еліктеуден туған сөздер. Мысалы: сарт ете түсті, арбаң-арбаң етіп, күлмің-күлмің етті, шіңк-шіңк етті.
Еліктеу сөздер мағынасы жағынан екіге бөлінеді: еліктеуіштер, бейнелеуіштер.
Еліктеуіш сөздер-табиғаттағы, төңіректегі түрлі дыбыстарға еліктеу арқылы жасалған сөздер.
Еліктеуіш сөздер көбінесе ет көмекші етістігімен тіркесіп жұмсалады. Мысалы: сарт-сұрт ете қалды, гүрс ете түсті, жымың-жымың етеді.
Бейнелеуіш сөздер -табиғаттағы заттардың әр алуан күйін көру арқылы сипаттау, бейнелеу нәтижесінде жасалатын сөздер.
Мысалы:маң-маң басады, желп-желп етеді, жарқ-жарқ етті.