1. Шылау сөздер білдіретін мәні мен сөйлемде атқаратын қызметіне қарай нешеге бөлінеді, көрсетіңіз:
А) 2
В) 5
С) 3
Д) 4
Е) 1
2. Сілтеу есімдігін көрсетіңіз:
А) Санау
В) Еш нәрсе
С) Кейбіреу
Д) Сонау
Е) Сен
3. Тек тұрлаулы мүшелерден құралған сөйлем түрін көрсетіңіз:
А) Жақсыз
В) Атаулы
С) Толымды
Д) Жалаң
Е) Жайылма
4. Туынды зат есімді көрсетіңіз:
А) Аға
В) Күй
С) Іні
Д) Әнші
Е) Үй
5. «Тарс» сөзі қай сөз табына жататынын белгілеңіз:
А) Еліктеу сөз
В) Зат есім
С) Есімдік
Д) Одағай
Е) Етістік
6. Етістік құрамына қарай нешеге бөлінетінін табыңыз:
А) 5
В) 2
С) 3
Д) 6
Е) 4
7. Есім сөздерден жасалған сын есімді көрсетіңіз:
А) Жабысқақ, сүріншек
В) Қызба, толық
С) Ұрысқақ, тайғақ
Д) Ашпалы, көтермелі
Е) Жазғы, қысқы
8. Бөлшектік сан есімді көрсетіңіз:
А) Он-оннан
В) Тоқсан
С) Үш ширек
Д) Алпысыншы
Е) Отызға тарта
9. Шартты райдың жұрнағын табыңыз:
А) –са,-се
В) –сын, -сін
С) –ғы, гі
Д) –айық, -ейік
Е) –а, - й
10. Топтау сан есімін көрсетіңіз:
А) Елуінші
В) Үш-үштен
С) Екі жарым
Д) Жүзге жуық
Е) Жүз отыз үш
11. Есептік сан есімнің сұрағын табыңыз:
А) Нешінші?
В) Қаншадан?
С) Нешеу?
Д) Нешеден?
Е) Неше?
12. Көсемшені табыңыз:
А) Жазып
В) Жазба
С) Жазған
Д) Жазбақ
Е) Жазар