1. Ашық дауыстылардан құралған сөзді көрсетіңіз.
A) Бейсенәлі.
B) Күйзеліс.
C) Кінәрат.
D) Ойыншық.
E) Әлдеқашан.
2. Заттық ұғымның атауы болатын сөздерді табыңыз.
A) Демеуші, егінші.
B) Әлдеқалай, солай.
C) Сіз, сенен.
D) Анау, сонау.
E) Көрген, көрер.
3. Сын есім мағынасы жағынан неше топқа бөлінеді, көрсетіңіз.
A) 2
B) 3
C) 6
D) 8
E) 5
4. Төл сөздің анықтамасын табыңыз.
A) Біреудің сөзін өзгертіп айту
B) Бір адамның өзгертілмей айтылған сөзі
C) Біреудің сөзінің мазмұнын айту
D) Жеткізушінің сөзі
E) Біреудің сөзінің мазмұнын сақталмай айту.
5. Үндестік заңына бағынбайтын қосымшаны көрсетіңіз.
A) -дар, -дер.
B) -лар, -лер.
C) -ға, -ге.
D) -тан, -тен.
E) -нікі, -тай.
6. Есімшенің сөйлемдегі қызметін табыңыз.Ұлжан жолдың ұзақ болатынын әбден біліпті.
A) Бастауыш.
B) Толықтауыш.
C) Анықтауыш.
D) Пысықтауыш.
E) Баяндауыш.
7. «Мектебі» сөзіне лайықты бағыныңқыны көрсетіңіз.
A) Еркін.
B) Тәуекел.
C) Жазылған.
D) Қызық.
E) Өнер.
8. Пысықтауыш қатысып тұрған сөйлемді анықтаңыз.
A) Тақырыбы дұрыс емес.
B) Асқар тауды кеуделеп жүріп келеміз.
C) Ауыл ақсақалы жастарға алғыс айтты.
D) Омар жолдасымен кездесті.
E) Жас мұраты – білім.
9. Мезгіл бағыныңқы сабақтас құрмалас сөйлемді табыңыз.
A) Кенжебек жауап іздеп көріп еді, орынды сөз ойына орала қоймады.
B) Абай араларынан кетісімен, сыбыр бұйрық елге жайылды.
C) Көктем енді келсе де, күн ысып кетті.
D) Көктем болғанмен, күн әлі жылынып кете қойған жоқ еді.
E) Ойын аяқталды, бірақ көрермендер асықпады.
10. Бірге жазылатын сөздерді көрсетіңіз.
A) Күн бағыс, түйе тауық.
B) Өнер кәсіп, арам адам.
C) Ұлы тау, тіл білімі.
D) Баян ауыл, жәрдем беру.
E) Бас қосу, қол басшы.
11. Көсемшеден болған қос сөзді табыңыз.
A) Жүзбе-жүз
B) Алпамсадай-алпамсадай
C) Сөйлей-сөйлей
D) Салдыр-гүлдір
E) Барар-бармасымды
12. Сөздердің қайталануынан, қосарлануынан жасалған үстеулер қандай тыныс белгісі арқылы
жазылатынын белгілеңіз.A) Үтір.
B) Қос нүкте.
C) Тырнақша.
D) Дефис.
E) Жақша.
13. Демеулік шылауларды көрсетіңіз.
A) Қасқыр жылқыға қарай тартты.
B) Әке мен ана алдындағы борышыңды өте.
C) Біраздан бері хат жазбапты.
D) Екі жүргінші тауға қарай келе жатыр.
E) Мырза келін-ай, біз сені жақсы көреміз.