Составьте, пожалуйста, вопросы и ответы к тексту. Ертеде бір жас жігіт өзінің кедейлігін...

0 голосов
144 просмотров

Составьте, пожалуйста, вопросы и ответы к тексту.
Ертеде бір жас жігіт өзінің кедейлігін айтып, әрдайым мұңын шағудан жалықпайды екен.
- Шіркін-ай, егер менің байлығым көп болса, жақсы өмір сүрер едім, — деп зарлауын қоймапты.
Бір күні жігіттің лашығының алдынан қарт тас қашаушы өтіп бара жатып, зарлап отырған жігіттің қасына келеді.
- Саған не болды сонша жыланып? Сен нағыз бай адам емессің бе? – дейді.
- Мен баймын ба? – деп жігіт таң қалады. – Ол қандай байлық?
- Сенің көздерің ше? Бір көзіңді біреуге қаншаға сатып берер едің? – деп сұрайды қарт.
-Оның не?! – деп шошып кетеді жігіт, — көзімді ешқандай байлыққа айырбастамаймын.
- Ал енді екі қолың мен аяғыңның біреуін алтынға айырбастар ма едің?
- Жоқ, ешқайсысын да алтынға айырбастамаймын, — дейді жігіт.
- Міне, көрдің бе, сен өте бай адамсың. Адамның ең үлкен байлығы — күш-қуаты мен денсаулығы, — дейді қарт. – Оны ақшаға сатып ала алмайсың.
Қарт осыны айтады да, жөніне кетеді.


Қазақ тiлi (12 баллов) | 144 просмотров
Дан 1 ответ
0 голосов

1)Кедей жігітке кім жолығады?
-Тас қасаушы
2)Жігіттің ең үлкен байлығы не болып шығады?
- денсаулығы
3) Қарт жігітке нені сатып алуға болмайтынын түсіндірді?
- Денсаулықты
4) Жігіт алтынды таңдадыма денсаулықты ма?
- Денсаулықты

(22 баллов)