Отан үшін ерлік жасаған ерлерін ел ешқашан ұмытпайды. Ұлы Отан соғысы кенеттен келген қырғын ғой. Қазақтың батыр қыздары Мәншүк, Әлия апаларымыз соғысқа қатысқан, ер азаматтармен бірдей ерлік жасаған, мерген қыздар. Талғат Бигельдинов батыр-ұшқыш ағамыз. Соғыста барлық мамандық иелері болған: әнші, жазушы, ұшқыш, мерген. Ия, бүгінгі таңда санаулы ғана соғыс ардагерлері қалды ғой. 9- май Жеңіс күні, солардың күні, бізге осындай бейбітшілік өмір силаған аяулы ата-әжелеріміз, Мереке-Жеңіс күні құтты болсын. Бейбіт өмір, шат көңілде еліміз тыныштығы бұзылмай, ұрпақтан ұрпаққа жалғасын тапсын.