Поставь лучший ответ плиз
Көрнекті жазушы
Қоғамның қайшылықты даму жолында өздерінің күрделі қырларымен өшпес із қалдырған тұлғалар бар. Қазақ халқының дүние жүзіне аты мәшһүр ұлы ойшыл-жазушысы, ғалым-ұстазы, мәдениет пен қоғам қайраткері, Лениндік және Мемлекеттік сыйлықтардың лауреаты, дүние жүзі әдебиетінің классигі,жаңа заманғы кәсіпқой қазақ әдебиетінің негізін салушылардың бірі – Мұхтар Әуезов.
Көрнекті жазушы қазақ әдебиетіне терең шығармаларымен өшпес із қалдырған. Оның өміршең туындылары ұрпақтан ұрпаққа ұмытылмай жетіп, өнегелі сөзбен үн қатқандай. Әуезовтың казақ тілін байытуға қосқан орасан еңбегі мен оның нәтижелерін үлкен екі арнада қарастыру қисынды. Олардың бірі және негізгісі - оның жазушы ретіндегі лексика мен фразеологиядағы,грамматика мен стилистикадағы табыстары жайлы; екіншісі сөз қолданымға байланысты жазушының теориялық болжамдары мен тұжырымдары, ұсыныстары туралы зерттеулер болмақ. Оның әдебиетімізге жаңа сарын, жаңа мазмұн әкелген шоқтығы биік туындысының бірі – «Абай жолы» роман-эпопеясы. Сонымен қатар, ол драматургия саласыңда көп еңбек еткен. Жазушы қаламынан 30-дан аса драмалық шығарма туды. Әуезов драматургиясында жанрлық формалардың бәрін қамтылған. Онда трагедия да, комедия да, драма да бар Олар: «Абай», «Ақан - Зайра», «Қынаптан қылыш», «Ақ қайың», «Намыс гвардиясы», «Октябрь үшін».
Мұхтар Әуезов – қазақ өнерінің кемелденуіне, әлемдік мәдениетке қымбат қазына қосқан, әлемдік құбылысқа, қазақ әдебиетінің шыңына айналған, қазақ халқының ғасыр перзенті.