Физика және техника20 ғ. ғылыми-техникалық революция ғасыры деп аталады. Өткен дәуірлерге қарағанда біздің заманымыздың өзіне тән екі ерекшелігі бар.
Біріншіден, ғылыммен техника үлкен қарқынмен дамып келеді.
Екіншіден, ашылған ғылыми жаңалықтар адамзат игілігіне айналып, жедел түрде өнеркәсіп пен тұрмысқа енгізіліп отыр.
Техниканың қарышты дамуына физиканың қосқан үлесі орасан зор. Сондықтан да техниканың негізі - физикадеген пікір берік қалыптасқан. Физикалық білімнің техникада қолданылуын көрсететін көптеген мысалдарды келтіруге болады. Олардың қатарында күнделікті тұрмыста пайдаланып жүрген сан алуан электрлік, электрондық құралдар және басқа да күрделі техникалар бар.