1. Мұғалім серуенге баратындығымызды айтты.
2. Балалар ауыл сыртындағы орманға барды.
3. Онда ақ қайыңдардың жапырақтары жап-жасыл екен.
4. Бірақ, ақ қайыңдарға "Омар", "Коля" деп ойып жазып тастаған екен, кейбіреуінің қабығын сыдырыпты, балалар бұны көріп, қатты ренжіді.
5. Мұғалім: ағаш жердің көркі, ел қазынасы, оны күтіп, мәпелеп өсіруіміз керек,- деді.